Әдеби шығарманың жанрын анықтау. «Қазығұрт тауы» аңызы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
«Қазығұрт тауы» аңызы
Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда, Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ пайғамбардың кемесінің орны дейді. Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол - үңгірдің үстіне ағаш шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын киді деп, қатындар күлпарасын киеді екен. Сол уақытында жұрттың бәрі даладағы нәрселерін үйге қояды екен, Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпес деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:
«Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсылқара жануар содан калған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Тышқақ тана үстінде жатып қалып
Зеңгібаба жануар содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,
Шопаната жануар содан қалған...»
Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен.
Қазығұрттың басында көп «әулие» Мінсең аттай желеді айыр түйе, -деген мақалдар да бар. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпен ұрысамыз деп, жиылысып келген екен. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.
- Ордабасы балама айт,
Қызыл сеңдей қызыма айт,
Еншілес інім Қаңғыраққа айт! -
- Сізден арғы Қараққа айт! -
деген даусын есітіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып кетеміз ғой, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң тым болмаса, қылышты бір сілтеп қалайық деп, қылышты сілтегенде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты дейді. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен дейді қариялар.
ҚОСЫМША 2
Ширату жаттығуы: Отан туралы мақал-мәтелдер:
- Отан — елдің анасыЕл - ердің анасы
- Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.
- Отанды сүю — от басынан басталады.
1 | 5 | 3 |
7 | 2 | 4 |
9 | 6 | 8 |
- Отан оттан да ыстық.
- Ел іші — алтын бесік.
- Пәлен жерде алтын бар,Өз жеріңдей кайда бар.
- Ел-елдің бәрі жақсы,Өз елің бәрінен де жақсы.
- Туған жердің жуасы да тәтті.
- Әркімнің өз жері — жұмақ.
- Ер елінде, гүл жерінде.
ҚОСЫМША 3
ҚОСЫМША 4
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?