Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Ырыс – Сыр (аңыз). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Тарау: Менің Отаным – Қазақстан

 

 Сабақ тақырыбы: 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз)

 Оқу мақсаттары:

 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді;

 Көптеген оқушылар: интерпретациялауға негізделген ашық сұрақтар қояды және жауап береді;

 Кейбір оқушылар: сұрақтарды негіздей алады.

 

 Бағалау критерийлері

  • интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды
  • сұрақтараға жауап береді.

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 Ш. Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнін https://www.youtube.com/watch?v=QPPKIZHYKhk тыңдатыңыз. Содан кейін сыныптағы оқушылардың санына қарай бірнеше топқа бөліңіз. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы әр топқа алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін бойынша сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз. Ол үшін бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған сұрақтарға жауап береді, сол арқылы өткен сабақты мазмұндайды.

 Сабақ мақсаты: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма.

 Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін анықтауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың білетін білімдерін қодана алуға дағдыландырады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (МК, Ұ) Бейнебаян көрсету https://www.youtube.com/watch?v=MVcnbhQ4Sbs

 1. «Сырдария өзені» бейнебаянды көрсету

 2.«Сұрақ жауап» әдісімен тыңдалған ән мен көрген бейнебаянды не байланыстыратыны жайлы анықтау.

 Сұрақтар үлгісі:

  •  Бейнебаянда қандай өзен жайлы айтылған?
  •  Қандай өзендердің қосылған тұсынан басталады?
  •  Ұзындығы қанша км?
  •  Алдындағы өлең мен бейнебаяндағы өзеннің айырмашылығы бар ма?

 Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) От шашу» әдіс арқылы сұрақтарды талқылау кезінде дұрыс мағыналы жауап берген оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.

 2-тапсырма.

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Ырыс – Сыр» аңызды (Т,Ө) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар аялдау арқылы бөліктермен оқиды.

 (Т,Ө) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар аңызды аялдау арқылы бөліктерге бөліп оқиды.

 1. Оқушылар аңызды оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, тоқтатады.

 1-аялдама: Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Мұғалім сұрақ қояды. (Аңыз қалай басталады? Айдаһардан құтылу үшін ағайындылар қандай айлаға барады?). Оқушылар сұрақтың жауабын аңыздан тауып белгі қояды.

 2-аялдама: Екінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Екі жігіт байлардың ызғарынан қорқып, қайда кетеді? Оларға кім жолығады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

 3-аялдама: Үшінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Қария бұларға қандай кеңес береді?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

 4-аялдама: Төртінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Ағайындылардың келген жері қалай аталады? Ол жер қандай екен?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

 2. Ертегіні тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

 Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

 Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

 3-тапсырма.

 Тапсырма мәтін мазұны бойынша сұрақтар құрастыруға береді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың өз пікірлерін білдіре алу дағдылары дамиды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) ««Жаңғақ» әдісі арқылы белгілеген ақпараттарды қолданып ертегі бойынша сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз.

 1.Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.

 2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

 3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

 4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

 «Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

 5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

 Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 

 4-тапсырма

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

 Ж. «ПОПС» формуласы. «Ырыс–Сыр» аңызының басты идеясы неде? Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.

 Бірінші сөйлем: «Менің ойымша аңыздың басты идеясы - ....»

 Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін...»

 Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...»

 Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

 ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

 Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

 Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Кубик» әдісі. Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

  •  Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
  •  2 есте сақтайтын нәрсені ата.
  •  Сен үшін қиындық тудырған не?
  •  Қай тапсырма саған ұнады?
  •  Сабаққа байланысты бір сұрақ.
  •  Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

  (Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

[attachment=26394:nuskaulyk-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу