«Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Тарау: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай
Оқу мақсаттары:
4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.
Бағалау критерийлері
-өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді;
-шығарма мазмұны бойынша өлең жазады.
Сабақ барысы
Сабақ басы:
Ширату жаттығу. «Бес тамшы» стратегиясы арқылы бастапқы білімді бекіту, сабақ мақсатын анықтау. Еденге бес тамшы суреті қойылады. Оқушылар мүдірмей әр қадамын баса отырып көркем сөздерді (бұлқыныс бар ағынында, бүлк-бүлк қайнап, ойнақшып, жүгіреді зымырап, сылдыр-сылдыр) қолданып бұлақ туралы сөйлем құрастырады.
Тапсырма соңында қорытынды шығарылады. Мұғалім: оқушыларға берілген көркем сөздер туралы сұрап, неге олай қолданғанын талдайды.
Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) Ескен Елубайдың «Жайық пен Ертіс» өлеңін тыңдап, көркем-бейнелі сөздерді тап.
- Мұғалім өлеңді 2-3 қайтара оқып береді. (МТ)
- Оқушылар мұғалім оқып отырғанда қолдарындағы түрлі-түсті стикерлерге өлеңнен түсінген көркем-бейнелі сөздерді жазып отырады. (Ұ,Т,ЖЖ).
- Оқушылар өз топтарында көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.
- Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.
- Мұғалім барлық топтардың берген сөздерінен қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.
(ҚБ): «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.
2-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт
1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады:
Еуропада, Азия, Ертіс, Географиясы
2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:
- Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
- Қалай? Өлеңде осы сөздерді неге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
- Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?
3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.
(ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.
3-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т). «Даралық, ұқсастық» әдісі. «Графикалық органайзер» арқылы өлеңдегі Жайық пен Ертісті саластыра отырып, толтырады.
1.Жайық пен Ертістітің өзініе ғана тән еркешеліктерін белгіленген бөліктеріне толтырады.
2.Ортаға олардың ұқсастығын, айырмашылығын жазады.
Жайық Ертіс
3. Толтырған органайзерді ортаға шығып әр топ қорғайды.
Саралау: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.
ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады
4-тапсырма
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) Модельдеу әдісі.
«ойнақшып», «бір бұлақ», «Ағып жатты», «Күле, жырлап» деген сөздерді қатыстырып, үлгі бойынша өлең құрастыр. Оқушылардың алдына маркер және өлең сөздері жазылған флипчарт беріледі. Флипчартта үлгіні ұсынылады. Бос орынға сөздерді қойып, өлеңді құрастыру тапсыралады.
Бұлақ сыры
–––––––––––––– ойнақшып,
–––––––––––––– бір бұлақ.
Ағып жатты ––––––––––––,
Күле, жырлап, –––––––––––.
Құрастырған өлең нұсқасы.
Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.
Жұмағали Саин
2. Құрастырған өлеңдерін басқа топтарға береді, топтар өлең сөздерін дұры немес қате қойғандарын тексерді. «Таңба» қояды.
Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша өлең жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.
(ҚБ): «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.
Сабақтың соңы.
Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суретін қоланыңыз. Оқушылардан алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстыруларын сұраңыз.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?