С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті»

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады

Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтайды;
  • мәтіндегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • жазу барсында көркемдегіш құралдарды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жүрегі үлкен, табиғи талант,делебесі қозу,талап

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Әңгімеге басқа қандай тақырып қоюға болады?
  • Әңгімеде қандай ақын, жыршылардың есімі кездеседі?
  • Ақын мен жазушының айырмасы неде?
  • Автор бұл әңгімеде бізге не айтқысы келді?

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады, өмір бойы білім алу, ашықтық құндылығы - сабақ барысында еркін қарым-қатынас жасайды.

Пәнаралық байланыстар

Өзінің туған жері жайлы айтқанда дүниетану пәнінен алған білімін қолдана алады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтін бойынша сурет көреді.

Бастапқы білім

мәтінді түсініп оқиды, көркемдегіш құралдарды біледі, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

Ширату. «Үш пікір» әдісі. Сұраққа жауап бер «Туған жердің түні де ыстық» дегенді қалай түсінесің?. Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды.

Оқу мақсатын анықтау: шығарманың тақырыбын анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады.

Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру

Слайд № 3

Слайд № 2, 3

Сабақтың ортасы

3-8 минут

9-18 минут

19-28 минут

29-36 минут

1-тапсырма

(ЖЖ) «Терминдер арқылы болжа» әдісі. Оқылатын мәтіннің тақырыбын терминдер арқылы болжа.

1.Оқушыларға термин сөздер көрсетіледі (Семей, Шоқан, туған жер). Сол сөздер бойынша жұптар ойларын ортаға салады.

2.Жұптар бірнеше тақырып ойластырып, тізім құрастырады.

3.Тізімді топта ортаға салады. Барлық тізімнің ішінен бір тақырып таңдалады.

Саралау: Қорытынды арқылы саралау қолданылады. Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды тақырып бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

2-Тапсырма

(Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті» әңгімесін оқу ұсынылады.

  • Мәтінді жеке оқиды.
  • Оқып болған соң автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып анықтап, оқып береді.

3.Мәтін бойынша талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

  • Әңгімеге басқа қандай тақырып қоюға болады?
  • Автор бұл әңгімеде бізге не айтқысы келді?

3. Алдындағы жасалған болжам бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын анықтайды.

4. Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

3- тапсырма.

(ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Мәтіндегі көркемдеуіш сөздерді анықта.

(Ө) (Ойлан) – Мәтіндегі «Біздің халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр емес пе!» деген сөздер нені білдіреді?

(ЖЖ) (Жұптас)Бұл сөзді сен қалай түсіндің?, Шоқанның олай айтуына не себеп болды? Тағы қандай мағынасы бар?

(Т) (Бөліс) – Талдағандары бойынша ортақ топта талқылап, салыстырады.

Мұғалім эпитет туралы түсіндіреді.

Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Қ/Б. Жұптардың жауаптары тыңдалып, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

4-тапсырма

(Ө) «Еркін жазу» әдісі. Сен өз туған жерің жайлы не айтар едің, өз ойыңды жаз.

1. Уақыт беріледі, оқушыар берілген тақырып бойынша еркін жазады.

2. Әр оқушы өз ойын ортаға салып, бөліседі.

3. Барлық оқушының келісуімен ең дұрыс деген ой таңдалып алынады.

Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Қ/Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды

Қосымша № 2

Слайд № 4

Қосымша № 1

Слайд № 5

Қосымша № 3

Слайд № 6

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: «Кубик» әдісі. Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
  • 2 есте сақтайтын нәрсені ата.
  • Сен үшін қиындық тудырған не?
  • Қай тапсырма саған ұнады?
  • Сабаққа байланысты бір сұрақ.
  • Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

(Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

Слайд № 7

Қосымша №

Саралау. 1-тапсырмада Қорытынды арқылы саралау қолданылады. Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

2-тапсырма. «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

3-тапсырмада. «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

4 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Дескриптор

  • мәтінің тақырыбын болжайды
  • мәтінді оқиды
  • негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтайды
  • сұрақтарға жауап береді
  • әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитет) табады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26383:kmzh-debi-krkemdeuish-raldardy-oldanysyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу