Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Тарау: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаттары:
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Туған жер өлеңін музыка нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады.
Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады
Бағалау критерийлері
өлеңді музыка нұсқасымен салыстырады
қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Ырғақты әуен» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:
Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын ала «Туған жерге» қатысты сөздері жабыстырылады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады.
Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1.Аудиоүнтаспадан бата тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=HhHLfGoMXCc
2. «Ой қозғау» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын түсінгенін анықтау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.
Аудиоүнтаспадан не естідік?
Ол өлеңнің не жайында?
Оқушыларға осындай жетекші сұрақтар қойылады. Саралау: ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады.
Қ.б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.
2-тапсырма.
(Ө),(ЖЖ). Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі оқылады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
- Өлеңді іштей оқиды.
- (ЖЖ) Өлең мазмұны бойынша топта талдайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған немесе тыңдағандары бойынша), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады.
ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
(МТ). Бата – жақсы тілек білдіру. Ол –ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.
3-тапсырма.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
Әрбір оқушы дереккөздерден туған жер жайлы айтылған сөздерді анықтайды.
Содан кейін жанындағы көршісімен талқылайды, пікірлеседі, анықтайды.
Жұптар өз пікірін топпен бөліседі. Әр топтан ортақ бір пікір шығарылады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақ қойып қолдау көрсетіледі.
Қ/Б: Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.
4-тапсырма.
(ЖЖ,Т). «Елші» әдісі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
- Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі мен музыка нұсқасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табады. Сызбаны толтырады.
- Әр топ осы сұрақ бойынша ақылдасып, жазады.
- Әр топ өз тобынан елші тағайындайды.
- Сол елші келесі топтарға өз мәліметтерімен, жасаған жұмыстарымен бөліседі.
Саралау: «Тапсырма тәсілі» арқылы күрделілігіне қарай алға іргерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Сабақтың соңы.
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі »
Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады
Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім
Ортан терек – менің көңіл күйім
Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім?
Кішкене бөбек – Менің тілегім
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?