Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша

 

 Туған жер

 

 Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

 Мәз боласың, ұқсайсын жас балаға.

 О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,

 Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

 

 Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

 Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

 Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей,

 Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

 

 Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

 Нендей күйге жүрегімді бөледің?

 Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

 Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім.

 

 Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім.

 Қызығыңды көріп еркін келемін.

 Сен де аямай бердің маған барыңды,

 Мен де аямай барым саған беремін

2-қосымша

1. Өлеңнің аудио нұсқасы. https://www.youtube.com/watch?v=HhHLfGoMXCc

[attachment=26381:didakt_-mater.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу