Шығарманың мазмұнын түсіну. «Бурабай туралы аңыз» . Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

    • Шығарманың мазмұнын түсіну

«Бурабай туралы аңыз»

Оқу мақсаттар

4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

4.2.4.1аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтайды және оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қояды және жауап береді.

Көптеген оқушылар: оқиғаның себеп-салдарын анықтау анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады

Бағалау критерийлері

  • аңызды оқып, жанрлық ерекшеліктерін түсінеді;
  • оқиғаның себеп-салдарын анықтайды;
  • сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Өзара бағалауда әділ бағалау.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану, слайд.

Бастапқы білім

Сұрақтарға жауап бере алады.

Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ басында: Ширату: «Мозайка» әдісі арқылы жанр түрлерін анықтау. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтарға мозайка қиындылары таратылып беріледі

  • 1-топ. Аңыз қиындысынан мозайка, ал 2-ші топ мәтін қиындысынан мозайка құрастырады.

Құрастырған мозайка туралы не айтасыңдар?

(Екі топ құрастырған мозайкаларын оқып қорытынды шығарады, аңыз және мәтін шыққанын айтып түсіндіреді)

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

№4 слайд

№1-3 слайд

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма

(Ө,Т) «Борт журналы» әдісі. «Бурабай туралы аңыз» оқылады.

  • Аңызды оқушылар іштей оқиды.
  • Мазмұнын топта бір-біріне айтып береді.
  • Маңызды тұстарын анықтап, «Борт журналын» толтырады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Аңыздан қандай жаңалық туралы білдім?

  Аңыздың түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді.

  • Топ басшысы жұмыстарын қорытындылайды, тақтадағы жұмыспен сәйкестендіреді

Саралау: қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

2-тапсырма

«Ия, жоқ» әдісі арқылы аңыз мазмұнын түсінеді. Мұғалім бір оқушыға доп лақтырады. Сол оқушы мұғалім сұрағына келісетінін немесе келіспейтінін ия, жоқ жауабы арқылы айтады. (Сонымен қатар ия болса допты қағып алады, жоқ болса допты кері лақтырады.)

  • Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті.
  • Бура ерекше қасиетке ие болған.
  • Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады.
  • Бура әдеттегідей белгі бермеді.

Саралау: қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

Б. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

3-тапсырма

(Т) ««Жаңғақ» әдісі. Белгілеген ақпараттарды қолданып аңыз бойынша сұрақтар құрастыр.

1.Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.

2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4.Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5.Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

4-тапсырма

Ж. «ПОПС» формуласы. «Бурабай туралы аңыз» оқиғаның себеп-салдарын анықтау. Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша аңыздың басты идеясы - ....»

Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

Мен………… басқаша қарайтын болдым

№5 слайд

1-қосымша

№6 слайд

№7 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

9 слайд

Стикерлер мен смайликтер

Саралау: 1-тапсырмада қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырмада Қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

3-тапсырмада қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

4-тапсырма. Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Дескриптор:

  • аңызды оқиды.
  • оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
  • аңыз жанрын анықтау үшін талдау жасайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бүгін сабақтың мақсатына жете білдік пе?

Оқушылар не білді?

  • Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: шығарманың жүйесін анықтап, жоспар құра алады.

2: жоспар бойынша «эссе» жаза алады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: топта және жұппен жұмыс жасау барысында бір-бірін тыңдау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:топпен жұмыс істеу барысында топ ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу