«Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
Мен елімді сүйемін
Туған ел үйіңнің кішкентай табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады.
Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.
Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде ұшқан шағала! Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас тұрған туған ел!
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тамылжыта айтқан ертегілері, туғандардың мейірбан күлкілері – осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары!
Сырбай Мәуленов
2-қосымша
3-қосымша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?