«Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | 3.3. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну «Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленов | |||||
Оқу мақсаттары | 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу 4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну 4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіндегі қажетті ақпаратты теріп оқу, шығармашылық жұмысын сызба түрінде ұсыну, пунктуациялық қателерді тауып түзету Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны мен ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара бағалауда әділ бағалау. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықты арттыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі пәнімен байланысады | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта қолдану, слайд. | |||||
Бастапқы білім | Сұрақтарға жауап бере алады. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланады | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
5 минут | Ширату: «Мейірімді сөздер» ойыны.
2. Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып микрафонды ұсынып, сұрайды. Оқушылар кезекпен айта береді. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады: мәтіндегі қажетті ақпаратты теріп оқу, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, пунктуациялық қателерді тауып түзету. | №1-4 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 7 мин 6 мин | 1-тапсырма (Ұ) Суреттегі жылқы, бүркіт, жайылымдағы қой т.б. бұл суреттер жайлы не айтасың? Әңгімеңді сабақ тақырыбымен баланыстыр.
Б:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе. 2-тапсырма (Ө,Т). «Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды. Өзара рөлдерді бөліп алады. (Баяндаушылар, Сұрақ қоюшылар, Дәнекерлеушілер, Із кесушілер). 1. Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін барлық оқушылар түсініп оқиды. Оқып болған соң әр оқушы өз рөлдері бойынша жұмыс жасайды.
Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау. 3-тапсырма (Т,Ж). Автор өз үйін не үшін жақсы көреді? Тізімін жаса.
Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады. 4-тапсырма (Ж) Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін түсініп оқы, мазмұны бойынша «Оқиға картасын» толтырады. Мәтінді шолып шығып, кестені жұппен толтырады. Келесі жұптың оқиға картасын мәтінге сүйене отырып тексеру
Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды. «ООО»- тамаша «МММ» - жақсы «Сұқ саусақ» -келісемін «Екі саусақты» -сұрағым бар | 2-қосымша №5 слайд 1-қосымша №6 слайд №7 слайд 3-қосымша №8 слайд | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | «Жетістік баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. | №9 слайд Стикерлер мен смайликтер | ||||
Саралау: 1 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. 2 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі беріледі. 3 тапсырма - «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. 4 тапсырма – «Қарқын арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын оқушыны топ басшысы етіп сайлап, тапсырманы сол оқушының жетекшілігімен орындау ұсынылады. | Дескриптор:
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Бүгін сабақтың мақсатына жете білдік пе? Оқушылар не білді?
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?