«Достар әні» Фариза Оңғарсынова. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Достар әні» Фариза Оңғарсынова
Оқу мақсаттары:
3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі /иллюстрация/ музыка (күй) /мультфильм нұсқасымен салыстыру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар: өлең мен музыка нұсқасының нәтижелерін салыстырады және өз пікірлерін айтады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, көркем-бейнелі сөздерді қолдана алады.
Бағалау критерийлері:
- өлеңді және музыка нұсқасын тыңдайды;
- өлеңді музыка нұсқасымен салыстыра алады;
- өз ойын көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы:
Сабақ басында ширату тапсырмасында «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Нұсқау: Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң достарынан aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзу ұсынылады. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap пapaқтapын дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa алдарына түскен «қap дoмaлaғының» біреуін aшып, ішіндегі сөзді oқып, өзіне айтылған комплимент тәрізді қабылдайды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мұғалімнің көмегімен өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізу. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ.Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы орындалады. Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты сурет беріледі. Ұжыммен сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.
Жеткеші сұрақтар:
- Суреттегі оқиғаға қай мерекенің кезінде болуы мүмкін?
- Бұл мерекеде сен не істейсің?Оқушыларға тақырыпқа байланысы идея жинақтап, талқылауға дереккөздердер қосымша материалдар ұсынуға болады.
Саралау: қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.
(Б): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша болжам жасап, ойларымен бөліскендер үш түрлі түспен бағалайды.
2-тапсырма
(Ө) Фариза Оңғарсынованың «Достар әні» өлеңін оқу ұсынылады.
1. Өлеңді оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі; бал бұл жанған, арай жүз, бірлік – байлық, ырыс – құт.
2. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады;
4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
Өлең не жайында?
Не бәріміз ағайынбыз, туыстығымыз бар ма?
Өзге ұлт өкілдерінен достарың бар ма?
Біз достық мерекесін қашан тойлаймыз?
Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға өлеңнің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.
Б: «Пантомима»
Қолдарын жоғары көтерсе – жоспарды дұрыс құра алдым
Басын төмен ұстаса – жоспар құруда қателер болды
Бетін қолмен жапса – жоспарды дұрыс құра алмадым.
3-тапсырма
(ЖЖ) «Достық әні» әнінің музыкасын тыңдатыңыз.
1.Музыка нұсқасын тыңдайды. http://videopas.info/onlain/smotretjSDlKckx5b1lCdGs
2.Әнді барлық сыныппен бірге айтады
3.Жұптасып оқыған өлеңімен байланысын анықтап, жұпта талқылайды.
4.Бір–біріне сұрақ қояды. (оқиғаға байланысты немесе өзгеше болуы мүмкін).
Саралау. Жіктеу тәсілі арқылы талаптары әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.
Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау).
Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.
4-тапсырма
(Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі. «Достық мерекесін қалай өткізер едің» деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Әңгіме жазу барысында мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді қолдан.
«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,
«Мысалы, ................»,
«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.
1. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
2. Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
Б: «От шашу» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады.
ІІІ. Сабақтың соңы:
Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісі. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?