Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Дельфин мінген Демеубай
Демеубай Қырымда «Қарлығаштың ұясы» деген санаторийде әкесімен бірге демалып жатқан. Бір күні әкесі екі билет әкеліп:
– Ертең Севастопольге саяхатқа барамыз, – деді.
Ертеңінде олар автобусқа отырып Севастопольге бет алды. Саяхатшылар Севастопольдың тарихи орындарын аралап, ақырында «Дельфинарийге» келді. «Дельфинарий» – айнала бетонмен қапталған су қоймасы екен. Онда үлкен екі дельфин жүзіп жүр. Демеубай дельфиндерді бұрын кинодан көріп, кітаптан ғана оқыған. Енді, міне, оларды таяқ тастам жерден тамашалағалы отыр.
Бапкер дельфиндерді атын атап өзіне шақырды да, екеуіне екі балық асатты. Содан кейін дауыстап бірдеңе деп еді, екі дельфин соны күткендей, аспанға атыла бастады. Келесі кезекте олар үлкен темір шеңбер арқылы секірді. Жиналған жұрт мәз-мейрам. Екі дельфин басқа да біраз өнер көрсетті.
Бір кезде бапкер:
– Кәне, дельфинге мінгісі келетін кім бар? – деп дауыстады. Жиналғандар бір-біріне қарасты. Ешкім орнынан қозғала қоймады. Осы кезде Демеубай орнынан атып тұрды да, баспалдақпен төмен түсіп, бапкердің жанына жетіп барды. Ол әкесінің «Тоқта! Қайда барасың?» деген сөзін естімеген болу керек. Жұрт ду қол шапалақтап жатыр.
Бапкер:
– Жарайсың, батыл жігіт екенсің. Жүзе білесің бе? – деді бапкер Демеубайдың арқасынан қағып.
– Білемін! – деді Демеубай батыл. Бапкер дельфиннің бірін өзіне шақырды. Ол жағаға жақын келіп тұра қалды. Бапкер Демеубайға:
– Ал, мін! – деді. Ауылда арғымақтың жалында ойнап өскен шабандоз Демеубай дельфиннің арқасына қарғып мінді. Дельфин ала жөнелді. Демеубай алғашында «Туламас па екен» деп қауіптенген. Бірақ астындағы ақылды дельфин екен, туламады. Қайта Демеубай құлап қалмасын дегендей, оның ыңғайына қарай жүзді. Олар су қоймасын біраз айналып, бапкердің жанына келіп тоқтады. Жұрт: «Жарайсың, бала!» деп айқайлап, қайта-қайта қол соғып жатыр.
Демеубай ауылға оралған соң жолдастарына Қырымда көрген қызықтарын әңгімеледі, дельфинге мінгенін айтты. Бірақ бұған біреу сеніп, біреу сенбеді. «Нанбасаңдар, әкемнен сұраңдар» деді Демеубай әкесін куәға тартып. Дегенмен, ауылдастары оны «Дельфинге мінген Демеубай" деп атап кетті.
Мұхтар Құрманалин
2-қосымша
3-қосымша Карточкамен жұмыс
- Мазмұны бойынша мәтінді бөліктерге бөліңдер.
- Бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарынды келесі топқа өткізіңдер.
- Әр бөліктегі жұмыстарды талқылаңдар.
- Мазмұны бойынша мәтінді бөліктерге бөліңдер.
- Бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарынды келесі топқа өткізіңдер.
- Әр бөліктегі жұмыстарды талқылаңдар.
4-қосымша Карточкамен жұмыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?