Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Сенім» Машқар Гумеров. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Сенім» Машқар Гумеров
Оқу мақсаттары:
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.3.2.1*шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: әңгімедегі эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, кейіпкерге хат жазады
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, талдау жасай алады, сыни хат жазады
Кейбір оқушылар: әңгіме мазмұнының ретін сақтай отырып, жинақтап, хат жазуда ескереді
Бағалау критерийлері
- әңгімені іштей оқиды;
- эпизодтерін салыстырады;
- сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
- кейіпкерге хат жазады
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.
2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.
3.Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасы туралы сұрақ құрастырып жұбына қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді.
Оқу мақсатын анықтау: әңгімедегі эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, кейіпкерге хат жазады
ІІ. Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
(Ұ) «Ұшақ» әдісі. Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
Сапарға шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Алысқа жол жүргенде кандай келеңсіз оқиғалар болуы мүмкін?
Бейтаныс адамдардың барлығына сенім білдіруге бола ма?
Сенімді ақтау дегенді қалай түсінесің?
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі.
(Б) өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады.
2-тапсырма
(Ө) Машқар Гумеровтың сенім әңгімесін оқушылар жеке оқиды.
1.Әңгімені оқып отырған кезде бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған ертегінің тоқтаған жерінен түсінгенін айтады.
2.Мәтін аяқталғанша осылай кезекпен жалғасады.
3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі (табалдырық, сөзуар, бейтаныс, күдіктену)
4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін ертегіні шолу тапсырылады
5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
1.Неге Кәрім аэропортқа күнде келеді?
2.Кәрімге жүгін қалдырып кеткен қарт кісі қандай адам деп ойлайсың?
3.Ақанның Кәрімге айтқан ақылымен келісесің бе?
4.Бейтаныс адам не істемек болды?
5.Қарттың сенімін ақтауға Кәрімнің қай қылықтары мен мінезі көмектесті?
6. Өз өміріңде осындай жағдай кездесті ме?
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
3-тапсырма
(ЖЖ) «Шахмат» әдісі. Әңгімедегі оқиғалар мен эпизодтер негізінде маңызды тұстарына талдау жасап, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықта.
1. «Шахмат» әдісінде әр топ оқушыларына шахмат тақтасының суреті бейнеленген тақта-парақтар таратылады.
2.Оқушылар тақтаны пайдалану арқылы бос ақ ұяшықтарға ертегідегі эпизодтер мен оқиғалардың негізінде өз ойларын кезекпен жазады.
3.Жазып болғаннан кейін ой бөлісіп, сюжеттің дамуындағы өзгерістер туралы әңгімелейді.
4.Соңында әр топ өз тақтасына сүйене отырып, маңызды ақпарат туралы ой бөліседі.
Саралау: орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
Б: «Күншуақ» Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:
Барлығын түсінсе - күнді
Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты
Ештеңе түсінбесе – бұлтты
4 - тапсырма
(Т;Ұ) «Досыма хат». Әңгіме кейіпкерінің біріне сенім жайлы өз ойыңды айтып, хат жаз.
1.Оқушылар ертегі кейіпкеріне хатты жеке хат жазады.
2. Жазған хаттарын автордың орындығына отырып, сыныпқа оқып береді.
3. «Ең үздік хат» номинация анықтап, бағаланады.
Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу.
Б: «Білім ағашы»
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:
жасыл – «барлығын дұрыс істедім»
сары – «қиындықтар болды»
қызыл – «көп қателестім»
ІІІ. Сабақтың соңы:
Рефлексия: «Бес саусақ»
Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады
Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім
Ортан терек – менің көңіл күйім
Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім?
Кішкене бөбек – Менің тілегім
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?