«Жайлау күні» Д.Қасенов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

 

 Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау. «Жайлау күні» Д.Қасенов

 

 Оқу мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды

 Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

 Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну

 Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

 Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

 

 Бағалау критерийлері:

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

 Сабақ барысы

 

І. Сабақтың басы:

Ширату тапсырмасында суреттер арқылы кіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін болжауға тапсырма беріледі.

  • Тақтадан сурет көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқушылардан сол суреттегі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады

  •  Балалардың жасы нешеде?
  •  Немен айналысады?
  •  Мінездері қандай?
  •  Көңіл-күйлері қандай?

 Оқу мақсатын анықтау: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

 

 ІІ. Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма

  (Ө). Д.Қасеновтың «Жайлау күні» әңгімесінің 1 бөлімін оқу тапсырылады.

 Әңгімені бөлімге бөліп оқиды.

 1.Бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

 2.Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

 3.Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

 Саралау: Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

 2-тапсырма

 (ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Жұмаш әрі қарай істейді? Болжа

 1.Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.

 2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

 Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

 Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

 3-тапсырма

  «Жайлау күні» әңгімесінің 2 бөлімін оқу тапсырылады.

 1.Мәтін жалғасын оқу.

 2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіннің бөлігімен салыстырады.

 3.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

 4.Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

 Саралау: Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

 Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады

 4-тапсырма

  (Т) «Төрт сөйлем» әдісі

 Құрмаштың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықта.

 1.Құрмаштың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап өз топтарында талқылайды.

 2.Алдын-ала дайындалған қағазға төрт пікір жазады:

 Пікір. іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептері. (бір сөйлем).

 Дәлел. бір сөйлеммен дәлелдеңдер. (бір сөйлем).

 Мысал. пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. (бір сөйлем).

 Қорытынды. Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

 3.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 Саралау:Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

 Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

ІІІ. Сабақтың соңы:

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі:

 Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.

 Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

 Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

 Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26321:nsauly-shyarmaday-oiany-bolzhau-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу