Бөлімді қайталау. Не үйрендім? Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер. Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Бөлімді қайталау. Не үйрендім? | |||||
Оқу мақсаты | 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету | |||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады. Көптеген оқушылар: мәтіннен артық сөйлемдерді анықтайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, мәтінді дұрыс құрастырады, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа сәйкес мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, көркем- бейнелі сөздерді орынды қолдана отырып, қатесіз мәтін құрап жазады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Қасиетті, тағзым, мұра, қазына, кемеңгер. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде, 3- тапсырмада, жазба жұмысында мәтінді құрастыруда сөйлемдегі сөздердің байланысын, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату тапсырмасы «Таза тақта» әдісі Оқушылар «Демалыс мәдениеті. Мерекелер.» бөлімі бойынша тақтаға сұрақтар жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.
| Тақта, бор. Слайд №1-3 | ||||
«Сабақтың ортасы 6-10 минут 11-13 минут 14-18 минут 18-20 минут 22-24 минут 25-33 минут 34-38 минут |
(ҰЖ) «Қазына тап». Сандықта берілген мақалдардың барлығының сыңарын табатын болсақ, сандықша түбінен қазына шығады.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)3. Тіл қылыштан... (өткір))4. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)5. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар) 6. Тілге құрмет... (елге құрмет)7. Өнер алды... (қызыл тіл)
(ЖЖ) «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы «Қазақ тілі - асыл қазына» дегенді қалай түсінесің? Ой бөліс.
(ТЖ) «Құрастыр» Берілген мәтін бөліктерін оқыңдар. Мәтіннен артық бөлігін тауып, мәтінді құрастырыңдар.
Өте ертеде бір дана қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.
Саралау: (ҚБ) Дескриптор:
Бағалау: топтар бірін- бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Кері байланыс береді. 4-тапсырма «Қатесін тап» дәптермен жұмыс. Мәтіннің соңғы бөлігінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз. Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. . (ҚБ) Дескриптор:
Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды. Сергіту сәті Көзге арналған жаттығулар:
Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет
Жазба жұмысы «Қасиетті тілім менің» деген тақырыпта эссе жаз. Басы- С.Торайғыровтың «Сүйемін» өлеңінің бірінші шумағымен баста. Ортасы- М. Әлімбайдың өлеңіндегі көркем ойды қарасөзбен жаз. Соңы- М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің екінші шумағын пайдалан. Оқушылар «Қасиетті тілім менің» тақырыбында жазған эсселерін «Автор орындағы» әдісі бойынша оқып береді. | Сандықтар, мақалдар жазылған парақтар. Қосымша №1 Қосымша №2 Қосымша №3 Жұмыс дәптері. Слайд №5 Оқулық №129 бет | ||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия. «Желкенді қайық» . Туды өз таңдауы бойынша сәйкес түске бояйды. Жасыл- сабақ ұнады, тапсырманы орындай алдым. Өз көңілімнен шықты. Қызыл- тапсырма орындау барысында қиындықтар кездесті. Әлі де ізденемін. Сары- сабақта шаршадым. Тапсырманы мүлдем орындай алмадым. | Түрлі түсті қарандаштар. Қосымша №4 | ||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
«Тапсырма бойынша саралау» «Көршіңмен ой бөліс», 3тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек. «Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Жазба жұмысында» тапсырмасы орындалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. | «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Дескриптор:
| Сергіту сәтінде көзге арналған жаттығулар жасалады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды