«Наурыз келді!» Темірхан Медетбек. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер. Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Мұғалімнің аты-жөні: Аханова Айдана Кынаровна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Наурыз келді!» Темірхан Медетбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 3.1.5.1. өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 3.1.4.2. сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұнына сәйкес сурет бойынша әңгіме құрап айтады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді. Көптеген оқушылар: өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беруде көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді. Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша әңгіме құрауда, ақпаратты анықтап, кесте толтыруда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Наурыз, қошақан, құлыншақ, ботақан, Наурыз келді, қара жер семіріп, төлдерін төгіп жатыр, өрісім у- шу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, ұлттық ойындар мен Наурыз мерекесіндегі салт- дәстүрлерді көрсету арқылы жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде, сурет бойынша «Наурыз тойы» тақырыбында әңгіме құрастыруда сөйлемдегі сөздердің байланысын, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-4 минут | Ширату тапсырмасы «Ойлан, тап» ойыны Берілген кестеден сөздерді тауып боя.
| Интербелсенді тақта Слайд №1-3 Әрбір оқушыға Қосымша №1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Сабақтың ортасы 5-8 минут 9-12 минут 13-17 минут 17-21 минут 22- 25 минут 25-27 минут 28-31 минут 32-36 минут 36-38 минут | (ТЖ) «Суреттер сөйлейді» әдісі Ортақ белгілеріне қарай жинақтау, топтастыру және жабыстыру. 1.Төрт түлік мал; 2.Ұлттық тағамдар; 3.Ұлттық ойындар; 4.Мерекеден көрініс
1- тапсырма.
«Сурет бойынша ой бөліс» Оқушылардың пікірлерін, Наурыз мейрамы, Наурызкөже туралы білетіндерін тыңдау. 2- тапсырма
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
(ҰЖ) «Орамал тастамақ» ойыны арқылы өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
Көркем сөздерді алдын ала жазып, орамалға түйіп қоюы қажет. Көркем сөздер: ұлыстың ұлы күні, жыл басы, төлдерін төгіп жатыр, өрісім у- шу, қара жер семіреді, сыбызғыдай, иір мойын, күміс қоңырау. Көркем сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап бер.
Саралау: тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек. (ҚБ) Дескрипторлар:
Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін- өзі бағалау. Кері байланыс ұсыну. «Наурыз туралы аңыз» мульфильмін көрсету. Мультфильмде «Наурыз туралы аңыз» айтылады. Наурыз қарияның сөздерін мұқият тыңда. (ЖЖ) Тапсырма. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосады? Мультфильмнен «Наурыз көже» туралы ақпаратты жина. Кестеге жаз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Жұпта тапсырманы бірлесіп орындайды. (ҚБ) Дескриптор:
Бағалау: жұмыстарын кезектесе оқиды. «Қол белгісі» арқылы қалған жұптар бағалайды. «Келісемін», «Толықтырамын», « Өзгертемін» үш белгі арқылы бағалау. Сергіту сәті Сергіту сәтінде «Наурыз- көктем» әнінің караокесі бойынша айтқызу. Қимылдарын қайталау. 3- тапсырма ( дәптермен жұмыс) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары дүниеге келген? 5- тапсырма Суреттегі заттар туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған? Тауып оқы. 6- тапсырма Ақын сөздерін пайдаланып, сөйлем құрап жаз.
Үлгі: Әжем саба толы қымызды пісіп жатыр. (ӨЖ) 7- тапсырма (шығармашылық тапсырма) Сұрақтардың көмегімен сурет бойынша «Наурыз келді» тақырыпта мәтін құрастыр. Жазған сөйлемдеріңді пайдалан.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) Дескриптор: - сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады; - мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды; - мәтіндегі оқиғаларды жүйелі байланыстырады; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. «Галерияшы шарлау» әдісі бойынша бір- бірінің жұмыстарын көріп, шетіне ризашылық белгісін сала алады. Бұл оқушылардың әрқайсысына барлық жұмыспен танысуына мүмкіндік береді, сонымен қатар, бұл оқушының еңбегіне сыныптағы барлық оқушының сыйластығы және назары. | Слайд №5 Суреттер 4 топқа, Қосымша №2 А-3 форматтағы ақ қағаз, желім, маркерлер. Оқулық, 123- бет. Орамал, алдын ала дайындалған көркем- бейнелі сөздер мен сұрақтар. «Наурыз туралы аңыз» мульфильмі https://www.youtube.com/watch?v=-88twMXAw1w Әрбір жұпқа кесте. Қосымша №3 https://www.youtube.com/watch?v=ePOcjWXUP2U Оқулық, 124- бет. Жұмыс дәптері Слайд №7 Оқулық, 125- бет. Ризашылық белгілері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия «Өзіндік анализ» әдісі бойынша «Киіз үйге» стикер жабыстыру.
| Стикерлер. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Тапсырма бойынша саралау» «Орамал тастамақ» тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек. «Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Шығармашылық тапсырма», «Наурыз туралы аңыз» мультфильмі бойынша кесте толтыру тапсырмасы орындалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. | «Басбармақ», «Қол белгісі», «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Дескриптор
| Сегіту сәті: «Наурыз- көктем» өлеңін айтады, қимылды мұғалімнің нұсқауы бойынша жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?