Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Су- тіршілік көзі

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақтың тақырыбы: Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі.

«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том.

Оқу мақсаттары:

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Сабақ мақсаттары:

  • мәтіндегі оқиғаларға сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжайды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығарма кейіпкерлерін сипаттайды;
  • шығарма кейіпкеріне хат жазады;

Бағалау критерийлері:

  • берілген сөз тіркестерінен қолданып, оқитын мәтін туралы болжамын айтады;
  • мәтінге болжам жасай отырып, оқиғаның дамуын анықтайды;
  • өз ойын дәлелдер келтіре отырып , жүйелі айтады;
  • кейіпкерге хат жазады;
  • сөз тіркестері мен сөйлемдерді байланыстырып жазады;
  • қатесіз жазады;

Қажетті ресурстар: Қосымша 1, 2, 3; презентация; оқулық, 101-103 беттер.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Оқулықтың 101 бетіндегі жұмбақтарды шешеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.

ІІ. Сабақтың ортасы

Топтасу

Сынып қабырғасына үй жануарларының суретін жағалай ілінеді. Оқушылар өздеріне ұнайтын жануардың қасына барып тұрады. Ескерту: бір суреттің қасына 5 оқушыдан артық болмауы туралы алдын ала ескертіледі. Топтар: сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.

Таңдау себептерін түсіндіреді.

1-тапсырма

(Ж, ЖЖ) Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен шағын әңгіме құру: ерте заманда, сиыр, кербез, мақтаншақ, жүйрік, атпен, уәде байласады.

Оқушылар тапсырманы жеке дәптерде жазады, жұпта ой бөліседі, топта талқылап, ойды жариялайды.

(Б) «Қошеметтер бұрқасыны»

2- тапсырма

(Ж, ЖЖ, Т) Алдарына берілген мәтіннің бірінші бөлімін оқып, құрған әңгімелерімен салыстырады.

  • Өздерің құрған әңгімелерің ертегінің бірінші бөлімімен сәйкес келді ме?
  • Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? Болжам жасап көрейік. Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады.

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

3-тапсырма

(Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.

  • Сендердің жасаған болжамдарың ертегінің екінші бөлімімен сәйкес келді ме?
  • Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? Болжам жасап көрейік.

Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады.

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

4-тапсырма

(Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.

  • Сендердің жасаған болжамдарың ертегінің үшінші бөлімімен сәйкес келді ме?

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

  • Ертегі қалай аталып тұр? Ол қай кейіпкерге қатысты айтылған?
  • Ертегідегі оқиғадан қорытынды шығарар едің?

5-тапсырма

Кейіпкерге хат жаз. Өз хатыңда оған 3-4 кеңес беруді ұмытпа.

(Б) дескрипторы:

  • сөйлемдегі сөздер өзара байланысты;
  • кейіпкерге кеңес берді;
  • ойы жүйелі берілген;
  • сауатты жазылған.

Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

ІІІ. Сабақтың соңы

«Рефлексиялық үшбұрыш»

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар сабақта алған әсерлерін көрсетеді:

Жасыл түс- мен үйренген жағымды қасиеттер;

Сары түс – Менің бойымда қандай қасиеттер бар;

Қызыл түс- Өз бойымнан алшақтататын қасиеттер;

[attachment=26273:nsauly_-sudy-pajdasy.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу