Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том. | ||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тірек сөздер | Мәтін мазмұнын талдау жасауда оқушыларға кербез (сұлу), тәкаппар (өзімшіл), ересесіп (дауласып), көнбе (бұл жерде мәре), қарасын үзіп (тез), тың (көп), желдей жүйткіп (шапшаң, жылдам), астамшылық (артықшылық) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік құндылықтарды дарыту, ұлттық құндылықтарды үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерді насихаттау | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Жануарларды сипаттау, олардың пайдасын талдау барысында жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжай алады; Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыра алады; | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-4 мин | Ширату тапсырмасы Оқулықтың 101 бетіндегі жұмбақтарды шешеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады. | Оқулық 101-103 беттер Слайд №1-3 | |||||
Сабақтың ортасы 5-9 минут 10-15 минут 16-21 минут 22-27 минут 28-33 минут 34-38 минут | Топтасу Сынып қабырғасына үй жануарларының суретін жағалай ілінеді. Оқушылар өздеріне ұнайтын жануардың қасына барып тұрады. Ескерту: бір суреттің қасына 5 оқушыдан артық тұрмау керек. Топтар: сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі. Таңдау себептерін түсіндіреді. 1-тапсырма (Ж, ЖЖ) Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен шағын ертегі құру: ерте заманда, сиыр, кербез, мақтаншақ, жүйрік, атпен, уәде байласады. Оқушылар тапсырманы жеке дәптерде жазады, жұпта ой бөліседі, топта талқылап, ойды жариялайды. (Б) «Қошеметтер бұрқасыны»
2- тапсырма (Ж, ЖЖ, Т) Алдарына берілген мәтіннің бірінші бөлімін оқып, құрған әңгімелерімен салыстырады.
Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады. (Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады. 3-тапсырма (Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.
Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады. (Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады. 4-тапсырма (Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.
(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.
5-тапсырма Кейіпкерге хат жаз. Өз хатыңда оған 3-4 кеңес беруді ұмытпа. (Б) дескрипторы:
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. | Слайд № 4- 7 Қосымша 1,2,3 | |||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар сабақта алған әсерлерін көрсетеді: Жасыл түс- мен үйренген жағымды қасиеттер; Сары түс – Менің бойымда қандай қасиеттер бар; Қызыл түс- Өз бойымнан алшақтататын қасиеттер;
| Слайд №8 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
5 тапсырмада саралау беріледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды. | «Бағдаршам», кері байланыс. (Б) дескрипторы:
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?