Судың қасиеті. «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа. Аударған Әбдімәлік Жұмабаев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеті. «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа. Аударған Әбдімәлік Жұмабаев.
Оқу мақсаттары:
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, тыйым сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;
Сабақ мақсаттары:
-Мәтінді оқып, мазмұнын «Фишбоун» сызбасы арқылы талдайды;
-Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып, жазады;
-Постер қорғауда мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді қолданады;
Бағалау критерийлері:
- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- өз ойын жеткізуде тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданады;
- сөйлеу барысында суреттерді қолданады.
Қажетті ресурстар: Қосымша 1, 2, 3; презентация; оқулық, 86-87 беттер.
Мұғалімге арналған ұсыныстар
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Пікір білдір» тапсырмасы. Оқулықтағы 86 беттегі өлеңді оқиды.
-Неліктен Сүлейменді судың иесі деп атаған?
Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдап, қосымшада көрсетілген оқу материалын әңгімелеп, айтып береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе таныстырады.
Топтасу Оқушыларды жануарлар атауы бойынша топқа біріктіру. Өздеріне ұнайтын жануарды таңдап, топқа бірігеді.
1 топ- «Ит- жеті қазынаның бірі»
2 топ- «Сүйкімді мысық»
3 топ- «Момақан қозы»
4 топ- «Еркелеген құлыншақ»
5 топ- «Ботакөзді ботақан»
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т) «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа мәтінін түсініп оқиды. «Фишбоун» әдісі (балық қаңқасы) бойынша оқушылар мәтін мазмұнын талдайды
басы-тақырыпқа сай сұрақ құрастырады
құйрығы- сұраққа жауап немесе қорытынды,
жоғарғы жақ сүйектері- сұрақтардың туу себептері,
төменгі жақ сүйектері- себептердің салдары
Үлгі:
Басы- Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты?
Құйрығы-Көкқұтанның айтқан ақылын тыңдады, яғни жалғыз қалудан қорықты.
Жоғарғы жақ сүйектері-
1) Сиқыршы мәңгі өмір сыйлайтын суды сыйлады.
2) Жануарлардың бас қосуы.
3) Көкқұтанның ақылы.
Төменгі жақ сүйектері-
1) Сүлеймен сыйға тартқан суды ішкен жоқ.
2) Бас қосуда көкқұтанның жоқтығы анықталды.
3) Көкқұтанның ақылы Сүлейменге дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.
Саралау: топтарға қажет болған жағдайда мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.
(Б) «Галереяны шарлау» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады.
2-тапсырма
(ЖЖ) Оқушылар жұпта ақылдасып берілген тыйым сөздердің жалғасын табады.
Шелектегі суға аузыңды ...
Суға дәрет ...
Су шашып ....
Түнде суға ...
Түнде су ...
(Шелектегі суға аузыңды салма. Суға дәрет сындырма. Су шашып ойнама. Түнде суға барма. Түнде су төкпе)
(Б) Тақтадағы дұрыс жауаптармен өз жауаптарын салыстырып, әр дұрыс жауапқа 1 балмен бағалайды.
3- тапсырма
(Т) «Суды үнемдеу» тақырыбына постер жасау беріледі. Постар жасауға уақыт беріледі. Постерді тансытыру кезінде тыйым сөздерді, мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдану қажеттілігі алдын ала ескертіледі.Сынып алдында қорғайды.
(Б) дескрипторы:
- Постер мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді;
- Таныстырылым барысында тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданады;
-Өз ойын жүйелі жекткізеді;
-Постер таза, ұқыпты орындалған:
Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ІІІ. Сабақтың соңы
Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?