Оқу түрлерін қолдану. «Өзен» Ы.Алтынсарин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Су – тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.1 Оқу түрлерін қолдану

«Өзен» Ы. Алтынсарин

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.1. Қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңдегі қажетті ақпаратты белгі қойып оқиды, өлеңнің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді, дереккөздерден ақпарат тауып,оны сызба түріне ұсынады.

Көптеген оқушылар: өлеңнен қажет ақпараттарды табады және өлең мазмұнына қатысты ой қорытып айтады; сұрақтар құрастырады және жауап береді, ақпратты сызба түрінде ұсынуда өзіндік пікірін қоса алады

Кейбір оқушылар: өлеңге сай ырғақты таңдап оқиды, өлеңдегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңдегі қажетті ақпаратты белгі қойып оқиды;
  • бағалауға және қолдануға негізделген сұрақтар қояды;
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
  • дереккөздерден ақпарат тауып,оны сызба түріне ұсынады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексикамен терминология: айнадай, дерт, рақат

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Қандай өзендерді білесің?, өз өлкеңде қандай өзен ағады?, өзен суы неге салқын болады?, өзен сулары қайдан пайда болады?

Құндылықтарды дарыту

Бірлесіп жұмыс істеу барысында бір-бірімен ынтымақтастық орнайды. Еңбекті бағалауды, өмір бойы білім алуды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде, өлеңді қарасөзбен жеткізіп жазуда сөйлемдерді дұрыс құрастырады, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен, жаңбырдың пайдасы мен зияны жайлы айтқанда жаратылыстанумен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Ы.Алтынсаринның «Өзен» өлеңінің шумағы интербелсенді тақта ретімен беріліп отырады.

Бастапқы білім

сюжеттің дамуын болжап, логикалық бөліктерге бөле алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату. (Ұ,Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сол сурет бойынша сюжетті болжап, суретке ат қояды.

Топтар өз нұсқаларын талдап, барлық сыныпқа кезекпен айтады. Сол нұсқалардың ішінен «Қызықты», «Ерекше», «Мазмұнды», «Мен үшін қызықты» деген бірнеше номинациялар бойынша марапатталады. Марапатты оқушылар өздері тағайындайды.

Т) Қандай іс-әрекет жасалғаны сұралады.

Сабақ мақсатын айқындау: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 4

Қосымша №2

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы 6-13 минут

14-20 минут

21-28 минут

29-35 минут

1-тапсырма

(Т,Ұ) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Сұрақтар жаңбырынан сұрақтар алып, жауап бер.

1.А3 қағазына төмендегі сұрақтарды жаызып, бүктеп (мыжғылып) сынып ішіне тастаңыз.

  • Қандай өзендерді білесің?
  • Өз өлкеңде қандай өзен ағады?
  • Өзен суы неге салқын болады?
  • Өзен сулары қайдан пайда болады?

2. Оқушылар жұптасып шашылған сұрақтардың біреуін алып, сұрақтарға жауап

Саралау: Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Жетекші сұрақтар қою арқылы диалог және қолдау көрсетумен сараланады.

Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

2-тапсырма

(Т, Ұ) «Стоп кадр» әдісі. Ы.Алтынсаринның «Өзен» өлеңінің әр шумағында не жайында айтылғанын тауып, оқы.

1. Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

2.Тақтадан «Өзен» өлеңінің шумақтарын мұғалім ретімен шығарып отырады.

3.Ортаға бір оқушы шығып, өлеңнің тақтадағы шумағын дауыс ырғағына келтіріп оқиды. Тоқтау қажет жерде оқушылар шапалақтап белгі береді ( яғни «Стоп кадр»).

4.Оқыған оқушы өлеңнің өзі оқыған шумағы бойынша түсінгенін ортаға салады.

5. Оқулықтан өлеңді қайта шолып оқиды, өлеңінің әр шумағында не жайында айтылғанын тауып, белгі қойып оқиды.

Саралау: қабілетті оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды және мағынасын ашып, өз ойларын еркін айтып түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушылар ұзақ оқитындықтан, оларға оқуға қосымша уақыт берілуі қажет.

Қ/Б «Бас бармақ»

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім

3-тапсырма

(Ұ;Т) «Биопоэма» әдісі арқылы өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер ұсынылады.

1. Әр топқа А-4 парақ таратылады. Әр топ парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке оқыған өлең бойынша сұрақтар толтырылады.

Сұрақтар:

  • Таулардан өзен қалай ағады? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?
  • Ақын өзен суының тазалығын қалай суреттеген?
  • "Өзен суы лайланбайды" деген пікірге келісесің бе?
  • Өлеңнің негізгі идеясы не?

2. Сұрақтарды толықтырып болған соң, барлық топ мүшелері бір-біріне сұрақтарды қойып, жауабын өлеңнен тауып талдайды.

3.Талқылап болған соң басқа топтарға барып, сұрақтары қояды.Басқа топтар сұрақтарға жауап береді.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Қ/Б. «Жарайсың!» «Талпын!»

4-тапсырма

Берілген дереккөздерінен өзендер жайлы ақпаратты жина. Алынған ақпаратты кесте түрінде ұсын.

1. (Ө,ЖЖ) Оқушылар берілген деректерден ақпарат жинайды. Оны төмендегі кестеге салады.

1-топ. https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/37969/

Әлемдегі ұзын өзендер атауы

Ұзындығы қанша шақырым?

1

2

2- топ. https://kk.wikipedia.org/wiki/

Еліміздегі өзендер атауы

Ұзындығы қанша шақырым?

1

2

2. Толтырылған кестелер бойынша «Галереяны шарлау» әдісі арқылы қорытындылап, бағаланады.

Қабырғаға дайындалған кестелер ілінеді. «Галереяға саяхат» топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, кестелерге қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.

3. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз кестелеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Саралау: Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Жетекші сұрақтар қою арқылы диалог және қолдау көрсетумен сараланады.

Слайд № 5

Қосымша №1

Слайд № 6

Қосымша №3

Плакат, түрлі-түсті маркерлер

Слайд № 7

Қосымша № 4

Слайд № 8

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлекция

Тақтаға секторларға бөлінген 

нысана салынады. Әр секторларда  рефлексия кезеңіндегі «Бүгінгі сабаққа қатысуым», «Сабақ қызықты болды», «Сабақты түсіндім», «Жаңа нәрсені білдім» жазылады.  Осы жазылған сөздердің секторының параметрлеріне стикер жабыстырады.

Слайд № 9

Қосымша №5

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Жетекші сұрақтар қою арқылы диалог және қолдау көрсетумен сараланады.

2-тапсырма. қабілетті оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды және мағынасын ашып, өз ойларын еркін айтып түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушылар ұзақ оқитындықтан, оларға оқуға қосымша уақыт берілуі қажет.

3-тапсырма. қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

4-тапсырма. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Жетекші сұрақтар қою арқылы диалог және қолдау көрсетумен сараланады.

Дескриптор:

  •  өлеңдегі қажетті ақпаратты белгі қойып оқиды;
  •  бағалауға және қолдануға негізделген сұрақтар қояды;
  •  өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
  •  дереккөздерден ақпарат тауып,оны сызба түріне ұсынады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу