Тыңдарманның назарын аударту. «Тау мен өзен» Құрманбай Толыбаев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Тау мен өзен

 Екі жағалауы тіп-тік, жартасты, шұңғыл шатқалды қақ жарып, айналаны азан-қазан жаңғырықтыра ағып жатқан, арыстандай арқыраған Өзен терең сай ішінде атқылап аунақшиды. Ерке де шолжың. Ақ жаулықты Тау анасы Өзеннің төбесінен төне қарап, бақылап тұр. Ерке Өзеннің буырқанған осы бір албырт та қайсар қылығына мәз. Тау өз ұрпағының осы қылығына қуанып қарап тұрып, сүйсіне күлімдейді.

 – Арында еркем, арында! Зулай бер ілгері! Тасқында, күшің артсын! Құлашыңды кеңге серме! – деп алға ұмтылдыра түседі.

 Қыспақтан шыққан Өзен құлдыраңдай жүгірді. Бұлақтың да үлкен арнаға түсіп, арқырай аққысы, қызықты өмір сүргісі келді. Бірақ тетелес інісін аямай, иықпен қағып өте шығатын тентек бала құсап, арынды Өзен әлжуаз Бұлақты кері ықтырып тастады. Үлкен ағысқа қосыла алмай, шеттеп қалғанына қынжылып жыламсыраған Бұлақ бұртиған қалпы амалсыз бөгеліңкіреді. Ағысқа ілесе алмады.

– Былай тұр жолымнан, тапталып қаларсың! – деп күжілдей жекірді Өзен.

 Бұлақ жалынышты үнмен міңгірлей өтінді:

 – Мен де ойнайыншы арнаға түсіп...

 – Сен әлі кішкентайсың, әлсізсің!

 – Арнаның шетімен ғана сырғиын.

 – Айттым ғой, аяқтың астында қаласың! Әрі кет! Маған ілесе алмайсың. Саған қарайлап былқ-сылқ етіп жүре алмаймын. Арындамасам, маған ел әлсіреп қалған екен деп күледі.

 – Бұлақ қызық ойынға қатыстырмай қойған бала секілді ағасына өкпелегендей томсырайып тұрып қалды.

 Тау тентек Өзенге байыппен кеңес берді:

 – Өзенім еркелеткенім есіркегенім емес, тым еліріп кетпе. Артыңа көз салшы, қаншама Бұлақ қосылып қалай ұлғайғаныңды да ойлап қой. Бұлақ ініңді ренжітпе. Бұлақ сенің көзің, қуатың! Сол бұлақтар арқылы сенің арының артып, арнаң тола береді.

 Өзен үн қатпады. Ойға шомғандай сәл иіріле тоқырап, өзінен-өзі айнала берді. Өзінің ағат қылығына ұялғандай.

Құрманбай Толыбаев

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 4

ҚОСЫМША 5

[attachment=26200:didaktiktikaly-material-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу