Оян, қазақ! Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оян, қазақ!

Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң»

Оқу мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын айтады,

Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; әдеби көркемдегіш құралдарды табады.

Кейбір оқушылар: мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды, кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекеті туралы ойын айтады;

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннен көркем сөздерді теріп жазады;
  • кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Оқығаны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Молдадан оқу, қағаз-қалам, Дәнеш, жинақы, қайраткер, автор, кейіпкер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Берілген шығарма естелікке жатады, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Ашықтыққа, өмір бойы білім алуды, ұқыптылықты насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Кейіпкердің өмірін баяндай алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Сыныптасын жұмбақтап портретін сипаттап жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады, кейіпкерге мінездеме береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды ананың баласын сүюінде қолданатын жылы сөздерімен өз таңдаулары бойынша 4 топқа біріктіреміз.

І топ: Айналайын

ІІ топ.:Еркем

ІІІ топ: Ақылдым

ІҮ топ: Күн-Айым

Аналарының өздерін қалай жақсы көретінін әңгімелейді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сөздер жазылған парақша, интербелсенді тақта, қосымша 1

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

4-9 минут

10-18 минут

19-25 минут

26-30 минут

31-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ұ) «Болжау» стратегиясына сүйеніп «Оян, қазақ» бейнебаянын көріп, тыңдап бүгінгі күннің сабақ тақырыбына болжам жасайды.

«Бірге ойланайық» әдісі арқылы мұғалім көмегімен Міржақып туралы не білетінімен ой бөліседі.

Үлгі: ақын, жазушы, көсемсөз шебері, ағартушы, Қостанай обл. дүниеге келген, (1885—1935)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «ДЖИГСО» әдісіне сүйеніп мәтінді бөліктерге бөліп түсініп оқиды.

  • мәтін бөліктерімен мазмұндайды;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкерді анықтайды, іс – әрекеті туралы айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді.

Үлгі сұрақтар: Міржақыпты шешесі Дәнеш қалай өсірген еді? Беліне байлап қоятын жіпті қандай шөптен жасады? Міржақыптың шешесінің түсінде берілген аян қандай еді? Міржақыпты сипатта. Оның алғашқы ұстазы кім? Міржақыптың арманы қандай еді? Алғашқы жарық көрген кітабы қалай аталды?

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп Міржақыпқа сипаттама береді және оның портреті суреттелген жолдарды мәтіннен тауып оқиды.

Сыртқы түр-әлпеті:

Денесі -денесі тығыршықтай жұмыр

Бойы - Бойы аласалау

Киімі - Киімі таза, жинақы

Қимылы - Қимылы шапшаң

Ерекшелігі - Үздік оқуы,өжеттігі, ізденімпаздығы

Автордың көзқарасы, ойы - Ұран салып халқын өнер-білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық білдірген

Осы әдіспен «Жұмбақ портрет» ойыны арқылы сыныптасының портретін дәптеріне сипаттап жазады.Олар сипаттаған оқушыны табады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

(МК, Ө)

«Төңкерілген пирамида» әдісімен М. Дулатұлы туралы әңгімелейді.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

5 - тапсырма

(ОТ, Ө) Сабақты қорытындылау мақсатында «Семантикалық карта» әдісімен білімдерін тексерді.

Берілген сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Мәтін Асқар Дулатов

туралы жазылған.

2

А.Дулатов Міржақыптың

ағасы және ол туралы естелік жазған.

3

Міржақып Дулатов ақын, жазушы

4

Міржақыптың анасы оның

12 жасында қайтыс болған.

5

М. Дулатовтың «Маса»,

«Оқу құралы», «Әліпби» кітаптары бар.

6

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағы,

«Бақытсыз Жамал» романы бар.

7

Ол Семей қаласында туған.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=kocc7M5sV_w слайд 4

интербелсенді тақта,плакат, маркер, Міржақып суреті, қосымша 2

Слайд 5

Оқулықтың 63-65-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Слайд 6

Кесте, маркер, жұмыс дәптер, қосымша 3

Оқулық, слайд 7

Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, суреттер

Семантикалық карта, қосымша 4, слайд 8

Сабақтың соңы

38-40минут

Кері байланыс «Сауалнама»

Сабақта мен … жұмыс жасадым

белсенді/белсенді емес

Мен сабақта жасаған жұмысыма ….

ризамын/риза емеспін

Мен үшін сабақ …болды.

қысқа/ұзақ

Сабақ барысында мен….

шаршаған жоқпын/шаршадым

Менің көңіл-күйім….

жақсарды/нашарлады

Сабақтағы материал мен үшін …. болды.

түсінікті/түсінікті емес

Кесте, қосымша 5

Слайд 9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Төңкерілген пирамида», «Семанткалық карта», «ДЖИГСО» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26189:mzh-ajauly-zhaa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу