Батыр ата. Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Батыр ата. Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі» | ||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау; 3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды; шығармадан оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын табады; Кейбір оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады, кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды, өз ойын еркін айтады. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды. Мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Бөлік, тақырып, негізгі ой, шайқас, шолғыншы, жауынгер,бекініс, зона, соғыс. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бауыржан Ұлы Отан соғысының батыры, өйткені ... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Соғыс ардагерлерін құрметтеу, тарихты білу, елін –жерін сүю, өз елінің патриоты болуды насихаттау. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Соғыс болған жерлерді картадан көрсету арқылы дүниетану пәнімен, тірек сөздерді пайдаланып кейіпкерді сипаттау, сөйлемдердегі сөздердің байланысын білу қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле алады, бөліктер бойынша өз сөзімен мәтінді таңдауына қарай немесе толық мазмұндайды. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату тапсырмасы. Оқушыларды батырлар есімі арқылы 5 топқа біріктіреміз. І топ - Бауыржан Момышұлы ІІ топ - Талғат Бигелдинов ІІІ топ - Төлеген Тоқтаров ІҮ топ - Қасым Қайсенов Ү топ - Рақымжан Қошқарбаев Батырлар туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі) Қосымша ақпарат: Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында туды- 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы -2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы — 30 желтоқсан 2006, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы) - Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Батырлар есімдері жазылған парақшалар және суреттері, интербелсенді тақта, қосымша 1-6 Слайд 1,2,3 Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет | |||||||
Сабақтың ортасы 4-7 минут 8-11 минут
12-22 минут 23-26 минут
27-31 минут 32-37 минут |
(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісіне сүйеніп Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы сөздерге өз ойларын білдіреді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды 2-тапсырма (МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп түрлі дереккөздерге сүйеніп Нығмет Ғабдуллин туралы әңгімелейді. Қосымша ақпарат: Нығмет Ғабдуллин (1927-2005) Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме жазған. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады 3 - тапсырма (Ө, Т, МК) Әр топ «Баспалдақ» әдісімен шығарманы толық оқиды.
Кесте бойынша шығарманың құрылымын анықтайды. Кейіпкерді сипаттап, мінездеме береді. «Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
4 - тапсырма (ОТ, Ө) Оқушы тәжірибесімен «Өзім үшін жазу» стратегиясы арқылы өз бетінше мәтіндегі нақыл сөзді тауып дәптерге жазады. Үлгі: Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді. Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. (Б) «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды. 5 - тапсырма (МК, Ұ) «Рефлексия» әдісі арқылы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып Бауыржан Момышұлын сипаттайды.
Үлгі: Бауыржан Момышұлы – батыл, батыр, тәуекелшіл. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау 6 - тапсырма (МК, Ұ) «Кірқыстырғыш» әдісімен осы әңгіме бойынша сурет салып, оны жіпке іледі және салған суреттері туралы әңгімелейді. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) «Түрлі түсті жиектер» әдісімен арқылы бағалау | интербелсенді тақта, парақшалар, маркер. Слайд 4 Слайд 5 Түрлі оқулықтар, интернет желісі Интербелсенді тақта, плакат, маркер Оқулықтың 68-71-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік. Бауыржан суреті Слайд 6
Слайд 7 Жұмыс дәптері, оқулық Слайд 8 Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, суреттер Плакат, маркер, жіп, қыстырғыш. Слайд 9 | |||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия «Үш көмекші» 1. Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады. 2. Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады). 3. Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады). 4. Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады). | 10 слайд Стикерлер, жүрек, бас, қол суреттері
| |||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Баспалдақ», «Топтастыру», «Кірқыстырғыш» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі. | Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» , «Түрлі түсті жиектер» әдісі Дескриптор:
| Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?