Күй атасы. А.Жұбанов. «Құрманғазы». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күй атасы. А.Жұбанов. «Құрманғазы»

Оқу мақсаттары

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, суретті қолданып мазмұнын айтады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады, әңгімелеу барысында суреттер қолданады

Кейбір оқушылар: шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстырады, қорытынды шығарады, өз ойын дәлелейді.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;
  • көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Суретті қолданып мазмұндайды. Сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ақмаңдай қыз, бейтаныс қоақ, домбыра,

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Құрманғазы күй атасы, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Ұлттық мәдениетті білуге және оны құрметтеуге, ашықтыққа, өмір бойы білім алуға, өнерді үйренуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Құрманғазының күйін тыңдау арқылы музыка пәнімен байланыс пайда болады. Күй атаулары, жалқы есімнің жазылуын білу кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра алады, өз ойын дәлелдейді,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Күйшілер есімдерімен санақ жүргізу арқылы 5 топқа біріктіру

І топ. Тәттімбет

ІІ топ. Нұрғиса

ІІІ топ. Дина

ІҮ топ. Құрманғазы

Ү топ. Кенен

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша таңдау түскен күйші туралы азғана мәлімет айтады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

интербелсенді тақта, қосымша 1,2

слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

4-9 минут

10-18 минут

19-22 минут

23-28 минут

29-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ө) «Еркін талқылау» әдісін қолдана отырып «Күй өнері» тақырыбына 5 сөз ойлап жазады, мағынасын түсіндіреді.

Үлгі: домбыра - ойнайды, әуен - сөзі жоқ тек әні бар, жылдам - ойналатын күйлер бар, жай - ойналатын күйлер бар, күйші- күй ойнайтын адамдар, аспап- қобызда, домбырада ойнайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2 - тапсырма

(ЖЖ, ОТ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Ахмет Жұбанов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1.Ол кім?

2.Қайда туған?

3. Туған жылы мен қайтқан жылын көрсет

4.Қандай қызмет атқарған?

5.Қандай шығармаларын білесің?

6.Оның жазған бірнеше шығармаларын атап жаз.

Қосымша мәлімет: Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

(Ө, Т, МК) «Нұсқаумен оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұнына немесе кейіпкерге қатысты сәйкес сурет салады және сол суретті қолданып мазмұндайды.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • мәтіннің мазмұнына/кейіпкеріне қатысты сурет салады немесе таңдайды;
  • суреттерді қолданып, мзмұндайды;
  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.

3-тапсырма

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілен суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленгенін әңгімелейді. Сөйлеу барысында күй өнері, күй атасы, күй құдіреті, күй тарту сөз тіркестерін қолданады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

(ОТ, МК, Ұ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы «Құрманғазы – күй құдіреті» сөздер арасындағы байланысты мәтінге сүйене отырып анықтайды.

«Айрықша тапсырма» әдісімен арқылы түрлі дереккөздерден іздене отырып «Қазіргі күйшілерден кімдерді атай аласың?» сұрағына жауап іздейді.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

5 - тапсырма

(МК, Т) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша топ алдында сөйлеуге дайындалады.

1.Пікір: «Күй тарту- қазақ халқының ұлттық өнері»

2. Дәлел: Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

3. Мысал: Шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді

4. Қорытынды: Сюжеттің дамуын болжау жасап, бір сөйлеммен қорытынды шығарады

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

интербелсенді тақта,плакат, маркер, қосымша 3

слайд 4

Слайд 5

Ахмет Жұбанов суреті, пікірлер ағашы суреті, маркер, қосымша 4

Слайд 6

слайд 7

Оқулықтың 55-58-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш

Слайд 8

57-беттегі с урет

Оқулық, слайд 9

Желі, түрлі оқулықтар, қосымша 5

Плакат, маркер, оқулық

Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс «Плюс-минус-қызықты»

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жазса болады.

Қосымша 6

Слайд 10

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Идеяларды толықтыру», «Еркін талқылау», «Пікірлер ағашы» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • мәтіннің мазмұнына/кейіпкеріне қатысты сурет салады немесе таңдайды;
  • суреттерді қолданып, мзмұндайды;
  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу