Нені үйрендім? (бөлімді қайталау). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №54мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру; 3.3.4.1. мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: кестеге сүйене отырып, мәтін құрай алады. Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады. Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Оқығаны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Тақырыпты таңдап алып, шығарма жазады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жоспар, шығарма, тақырып. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бұл бөлім «Атақты тұлғалар » деп аталды, өйткені ... | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сөйлемдегі сөздердің тыныс белгісін, қосымшаларды дұрыс қолдану, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтап жазуды қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Бөлім бойынша алған білімдерін еске түсіріп қайталайды, қолданады. Жоспар бойынша өз ойларын айтады және жазады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату тапсырмасы. Оқушылар «Молекула» ойыны бойынша 4 топқа біріктіреміз. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру | интербелсенді тақта слайд 1,2,3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-10 минут 11-21 минут
22-35 минут | (МК, Ж,ОТ) 1-тапсырма «Болжау» стратегиясы бойынша тақтада ілінген әр тақырып суреттерінен кейіпкерлер немесе сюжетті суреттерді тамашалайды, ой бөліседі, бөлімге болжам жасайды және қойылмаған тақырыптарды өздері анықтайды. Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді. (Б) «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды. 2 – тапсырма (Ө, ОТ) «Кім жылдам?» ойыны арқылы кезектесе отырып, қажетті сөзді атайды, кестеге жазады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды, мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды жауап бердің! Мәнді жауабың үшін ризамыз! 3- тапсырма (МК, Ө) Жоспарға сүйене отырып тақырыпқа шағын шығарма жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұмыс ортада оқылады. «Күй атасы -Құрманғазы» Жоспар:
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
| интербелсенді тақта,плакат, маркер, түрлі суреттер. Салйд 4 Оқулық 76-77 бет түсті қарындаш қосымша 1 слайд 5
Кесте, маркер, жұмыс дәптер Слайд 6 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі: Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. | Қосымша 2 слайд 7 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Кім жылдам?» ойыны арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Уақыт арқылы саралау» негізінде «Болжау» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі. | Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Пантомима». әдісі Дескриптор:
| Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?