Тұңғыш ғарышкер. «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу;

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, кейіпкерге хат жазады;.

Кейбір оқушылар: кейіпкерге хат жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді түсініп оқиды
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өз ойын көркем сөздерді қолданып жеткізеді;
  • кейіпкерге хат ажазды;
  • орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзейді;
  • сауатты, қатесіз жазады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Өлеңді түсініп оқиды. Көркем сөздерді орынды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ғарышкер, зымыран, ғарыш, модель, батыр.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тоқтар аға батыр, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Ғарыш туралы әңгімелеу, баяндау арқылы дүниетану пәнімен,байланыс жасалады. Кейіпкерге хат жазуда сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қолдану, ойын жүйелі, сауатты жазуда қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі.. Кейіпкерге мінездеме береді. Кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды 4 топқа біріктіреміз.

І топ – «Тікұшақ»

ІІ топ - «Ұшақ»

ІІІ топ – «Зымыран»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Әуе көліктері жазылған парақшалар немесе суреттері , интербелсенді тақта

Қосымша 1,2,3

Слайд 1,2,3,

Сабақтың ортасы

4-9 минут

10-19 минут

20-25 минут

26-29 минут

30-35 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ұ) «Миға шабуыл» әдісіне сүйеніп суретке қарап өткен сабақты еске түсіру,

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
  • Ол қашан ұшты?
  • Қай жылы ұшты?

Қосымша мәлімет: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]

Автор жайлы мәлімет: Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозы - 10 қазан 2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны.

Бүгін біз осы ақынның «Тоқтар батыр» өлеңімен танысамыз.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

2-тапсырма

(Ө,ЖЖ,Т) «Бірлескен оқылым» әдісі арқылы

өлеңді түсініп оқиды. Түсініксіз сөздерді белгілеп, стикерге жазады. Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды (салады, жабыстырады). Сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Сұрақтар:

-Есімін әлем білетін ғарышкеріміздің есімі кім?

-Неге қазақтың тұңғыш ғарышкер деп атаймыз?

-Зымыранды көрдің бе?

-Сен кім болғың келеді?

-Ұшқыш болуды армандайтындар бар ма? Кейіпкерге хат жазып, жұпта қатесін тексереді.

Сөздікпен жұмыс:

Зымыран – ғарыш кемесі.

Моделі- бейнесі, үлгісі.

Ғарыш- ауасыз кеңістік

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(ҚБ)

өлеңді түсініп оқиды;

өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

өз ойын көркем сөздерді қолданып жеткізеді;

кейіпкерге хат ажазды;

орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзейді;

сауатты, қатесіз жазады.

3 - тапсырма

(Ө, Т, ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі өлеңді тыңдайды. Мұғалім мәнерлеп оқып береді.

(Ө) (Ойлан) – Өлеңдегі ғарышқа байланысты сөздерді анықтап, стикерге жазып алады.

Мыс: (зымыран, моделі, ғарыш) .

(ЖЖ) (Жұптас) – Өлең бойынша балалар ойнын туралы әңгімелеп айтады.

Мыс: ( доп қуу, аққала соғу, асық ату)

(Т) (Бөліс) – Анықтаған сөздерді ортақ топта талқылап, салыстырады. Әр топтан ортақ бір пікір шығарыңдар.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

4 - тапсырма

(Т) «Еркін талқылау» әдісімен оқушылар тақырыпқа сәйкес өз ойын жүйелеп жеткізеді.

Ғарышкер болу үшін ......

Ғарышкер болсам .......

Ұстаз тілегі:

Ғарышкер болғысы келетіндерге!

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар!

Сәттілік тілеймін!

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма -барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе

5 - тапсырма

(МК, Ұ) Берілген сөздерді қолданып, «Ғарышкер» тақырыбына өлең құрастыру тапсырылады.

Үлгілер:

Көкке ұшамын

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Керекті сөздер: ғарышкер, ұшамын, ұшқыш

Мен ғарышкер боламын,

Аспан көгін шоламын.

Зымыранын игеріп

Батыр Тоқтар ағаның (Г.Оразбекова)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

интербелсенді тақта, парақшалар, маркер.

Слайд 4

Слайд 5

Түрлі оқулықтар, интернет желісі

Интербелсенді тақта, плакат, маркер

Слайд6

Оқулықтың 74-75-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Слайд 7

Қосымша 4

Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, түсіндірме сөздік

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/3062-kosmos_12.html

© www.ZHARAR.com

Қосымша 5

Слайд 11

Сабақтың соңы

36-40 минут

Кері байланыс «Бір минут»

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсык тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Баспалдақ», «Топтастыру», «Кірқыстырғыш» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Мадақтама», «Ауызша бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек» , «Жапондық бағалау»әдісі

Дескриптор:

  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өз ойын көркем сөздерді қолданып жеткізеді;
  • кейіпкерге хат ажазды;
  • орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзейді;
  • сауатты, қатесіз жазады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу