Әдеби шығарманың жанрын анықтау. Т.Әбдірахманова. «Даналарым». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Т.Әбдірахманова. «Даналарым»
Оқу мақсаттары:
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып, түртіп алып оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтай алады, сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманы белгі қойып, сынтұрғысынан бағалап оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді.
Бағалау критерийлері:
- мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
- шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
- шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;
- сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
- өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді қолданады.
Қажетті ресурстар: доп, атақты тұлғалар суреттері, кластер сызбасы, интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер, венн диаграммасы, «BLOB» ағашы суреті,
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақтың басында ширату жаттығуы «Серпінді доп» ойыны арқылы орындалады.
Оқушыларға орнынан тұрғызып, кезекпен доп лақтырылады. Допты қағып алған кез-келген оқушы тездетіп бір атақты тұлғаның атын атап, мұғалімге қайта лақтыру керек.
Мұғалім оқушылар өткен сабақтарда танысқан атақты тұлғаларды және басқа тұлғаларды атауға болатынын ескертеді.
Атақты тұлғалар аттары: Абай Құнанбаев, Мәншүк Маметова, Қазыбек би, Абылай хан, және т.б.
Бастапқы білімді қайталау
«Топтастыру» әдісі арқылы оқушыларға суреттерді топтастырып, талдау тапсырылады. Оқушыларға атақты тұлғалар суреттері (немесе парақтарға жазылған сөздер) дайындалып таратылады. Ұжыммен ақылдаса отырып, атақты тұлғаларды топтастыру ұсынылады.
Мысалы:
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би – билер
Шоқан, Ыбырай, Абай – ақындар
Оқушыларға неліктен осылай топтастырғаны туралы сауалдар қойылады. Бірлесіп талдап, пікірлерін айтады.
Оқушыларды «билер», «ақындар» деп екі топқа бөлу ұсынылады.
(ҚБ) Оқушылардың жаңа сабаққы қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
«Кластер құру» әдісі арқылы әр топқа «Дана» сөзін қалай түсінетіндері жайлы кластер құру тапсырылады.
Әр топқа А3 парағына кластер сызбасы дайындалып беріледі. Оқушыларға топтарында бірігіп, «Дана» сөзін талқылап, негізгі бес ойды жазу тапсырылады.
Үлгі сөздер:
ойшыл, қадірлі, ұстаз, адам, ғалым, білімді, талапты, талапты, ақылды, парасатты.
Кластер сызбасының үлгісі:
Саралау. Оқушыларға сөздің мағынасын ашып, талқылау кезінде сұрақ қою арқылы бағыт бере оытырып, қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтардың құрған кластеріне топтық бағалау жүргізіледі.
2-тапсырма
«Модельденген оқылым» әдісі арқылы Т.Әбдірахманованың «Даналарым» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. Мұғалім дауыстап оқу тәсілін алдымен көрсетіп, кейін оқушылардан тізбектеп оқуын талап етеді.
«Өкіл» әдісімен әр топқа мәтін мазмұнына байланысты «Батыр», «Дана» сөздеріне байланысты бір мақал-мәтелден дайындап талқылау ұсынылады.
Үлгі мақал-мәтелдер:
Күш батылдыққа ереді.
Батыл болсаң, батыр да боласың.
Шын батыр сын үстінде танылар.
Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - колдің сәулеті.
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Топтар мақал-мәтелдерді дайындап болған соң, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Өкілдер сағат тілімен топтардың барлығын аралап шығады. Көршілес топтан білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл әдіс арқылы оқушылар өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасалады.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мақал-мәтелдерді қолданып әңгімелеуі күтіледі.
(ҚБ) Оқушылардың мақал-мәтелдерді қолданып сөйлеуі «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.
3-тапсырма
«Венн диаграммасы» әдісі арқылы әр топқа жоғарыда қарастырған өлең, мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.
Мұғалім шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау үшін сұрақтар үлгісін дайындайды:
- Неліктен бұл шығарма өлеңге жатады деп ойлайсың?
- Шығарманың өлең екенін қалай дәлелдей аласың?
- Мақал-мәтелдердің қандай ерекшеліктерін көрсете аласың?
Мұғалім назарына! Мұғалім тақырыпқа байланысты басқа мақал-мәтелдерді қолдануға болады.
Саралау. Қарқын тәсілі. Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау кезінде қабілетті оқушылар вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, мысал келтіріп, түсіндіруді ұсынуға болады.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтай алса, бас бармақты тік көтеріп, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратып бағалайды.
4-тапсырма
Сабақта танысқан «Даналарым» өлеңі мен мақал-мәтелердің жанрын анықтап, әр өздігінен сәйкестендіріп сызу ұсынылады. Әр оқушыға тапсырманы орындау үшін парақтар беріледі немесе дәптерге орындау тапсырылады:
| өлең мақал-мәтел | |||||
|
Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айтып беру сұралады. Өлеңнің шумақтан тұратынын, шумақты ой айтылатынын, ұйқасқа құрылатынын естеріне салу, толықтырулар ескеріледі.
Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.
(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.
Дескрипторлар:
- сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
- даналар туралы ойын айтады.
Сабақтың соңы.
5–тапсырма
«Еркін жазу» әдісі арқылы өлеңге сүйеніп, «Данасы бар елдің панасы бар» тақырыбында өздігінен ойларын жазу тапсырылады. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсері туралы ойларымен бөлісіп жазуды сұрайды. Жазу барысында өлеңнен қажетті ақпаратты алу, мақал-мәтелдерді қолдануға назар аударылады. Ойларын жазуға 4-5 уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Қалауы бойынша оқушы өз жұмысын ұжымға оқуына болады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, еркін жазу кезінде топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «BLOB» ағашы әдісі арқылы оқушылардың жазылымын өзін-өзі бағалау ұсынылады.
Рефлексия.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
-бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
-бүгін сабақта қуантқаны.....
-мен өзімді.....үшін мақтар едім.
-маған ерекше ұнағаны.....
-қызықты болғаны.....
-......қиындық тудырды.
-менің түсінгенім.....
Үйге тапсырма ретінде леңдегі даналар туралы деректер қарастырып, би, ақын, жазушылардың бірі туралы әңгімелеп келу тапсырылады.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп ұсына алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?