Әдеби шығарманың жанрын анықтау. Т.Әбдірахманова. «Даналарым». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, презентация слайд.
Бөлім: Атақты тұлғалар
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Т.Әбдірахманова «Даналарым»
Оқу мақсаттары
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийлері
мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;
сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді қолданады.
Ширату жаттығуы
«Серпінді доп» ойыны
Кезекпен допты қағып алайық. Допты қағып алғанда бір атақты тұлғаның атын атау керек.
Атақты тұлғалар: Абай Құнанбаев, Мәншүк Маметова, Қазыбек би, Қобыланды батыр, т.б.
Бастапқы білімді қайталау
Ұжыммен ақылдаса отырып, атақты тұлғаларды топтастырыңдар. Суреттерді неліктен осылай топтастырғандарыңды түсіндіріңдер.
1-тапсырма
«Дана» сөзін талқылап, негізгі бес ойды жазыңдар
2-тапсырма
Мақал-мәтелдер:
Күш батылдыққа ереді.
Батыл болсаң, батыр да боласың.
Шын батыр сын үстінде танылар.
Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - колдің сәулеті.
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
«Батыр»
«Дана»
3-тапсырма
Өлең мен мақал-мәтелдерді салыстыр7
Неліктен бұл шығарма өлеңге жатады деп ойлайсың?
Шығарманың өлең екенін қалай дәлелдей аласың?
Мақал-мәтелдердің қандай ерекшеліктерін көрсете аласың?
Өлең
4-тапсырма
Өлең мен мақал-мәтелердің жанрын анықтап, өздігінен сәйкестендіріп сыз.
Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айт.
5-тапсырма
Данасы бар елдің панасы бар» тақырыбында өз ойыңды жаз.
Жазу кезінде өлеңдегі ақпаратты және мақал-мәтелдерді қолдан.
Рефлексия
бүгінгі сабақта мен....түсіндім,
...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
«Аяқталмаған сөйлем»
Өздеріңе жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды стикерлерге жалғастырып жазыңдар. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикерлерді жапсырыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?