Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. «Төле би мен Түлкі бала». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
«Жасырын сөздер» ойыны
Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: өкпе, ағайын, достық, бірлік.
Топқа бөлу:
1 топ – бірлік
2 топ – татулық
3 топ – ынтымақ
Қосымша №2
Бастапқы білімге байланысты қайталанатын түйінді идеялар:
«бір кейіпкерді сипаттау», «кейіпкер іс-әрекетіне баға беру», «татулық сөзіне сипаттама» т.б.
«Желпуіш» үлгісі:
Қосымша №3
«Болжамдар ағашы»
Қосымша №4
«Аялдама» белгісі
«Төле би мен Түлкі бала»
Аңыз
Төле би Әйтеке биге қонаққа келіпті.
Әйтеке жақсы қарсы алмапты, жатқан орнынан да тұрмапты. Төле өкпелеп қайтып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:
-Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді, - депті Әйтеке.
-Рұқсат етсеңіз, барайын, – дейді Түлкі деген бала. Бала салт атқа мініп, Төленің алдынан орағытып шығып, сәлем беріпті де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.
Бір кезде Төле:
- Әй, балам, жол болсын! – дейді.
-Әлей болсын, - дейді бала. – Рұқсат етсеңіз, бір сұрағым бар еді. Үш жүз кім?
-Қазақтың үш баласы, үшеуі ағайынды.
-Ағайынды кісі өкпелесе, немен тарқайды?
-Ағайынның өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып көрумен-ақ тарқайды.
-Ағасы інісіне өкпелесе ше?
-«Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бас болады, - деген екен Төле.
-Төрелігіңізге құлдық, ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып, қонақ болып қайтуыңызды сұрай келдім,- дейді Түлкі бала.
-Бетің қайтпаған бала екенсің, бір ашуымды байладым, - деп, Төле би кейін бұрылған екен сонда.
Үлгі сұрақтар:
1-аялдама: Неліктен Әйтеке би Төле бидің өкпесін қайыруға Түлкі баланы жіберді?
2-аялдама: Неліктен Түлкі бала Төле биден үш жүз туралы сұрады?
3-аялдама: Төле би ашуының қайтуына не себеп болды?
Қосымша №5
Кесте толтыр.
Жұқа сұрақ | Қалың сұрақ |
1. 2. 3. | 1. 2. 3. |
Қосымша №6
«Ойлан-жұптас-бөліс»
Стратегияны қолдану үлгісі:
1.Мұғалім кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті туралы ойлануды ұсынады;
2.Оқушылар ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады;
3.Оқушылар жұптарға бөлініп өздерінің ойларын талқылап, сюжеттің дамуын болжайды. Ең үздік деген ойларын біріктіреді;
4.Жұптар болжау жасалған ойларын топтарда талқылауға ұсынады, ең үздік деген ойларын біріктіреді;
5.Оқушылар өздерінің топтағы жақсартылған сюжеттің дамуы бойынша болжауларымен сыныппен бөліседі.
Қосымша №7
Кейіпкерге хат жазудың үлгісі:
R-рөлі,
A- аудиториясы,
F- формасы,
T-тақырыбы
Дескрипторлар:
-кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
-кейіпкердің іс-әрекетіне баға бареді;
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
-мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
-хат жазуда сөйлемдегі сөздерді байланысын табады;
-сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.
Қосымша №8
«Ұшақ»
Кері байланыс
-Маған бүгінгі сабақ ұнады...
-Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
-Маған бүгінгі сабақта қиын болды...
-Аңыз ..... туралы екен.
-Аңыз ағайын арасындағы ............... туралы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?