Оқу түрлерін қолдану. Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.1 Оқу түрлерін қолдану Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі» | |||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады; Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрға мәтін бөлігін көрсете алады; Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, мәтін бөлігінен шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұнына байланысты сұрқтар қоя алады, негізгі ойды анықтай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: шайқас, жауынгер, үрей. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтіндегі кейіпкердің батылдығы, ерлігі туралы әңгімелей отырып, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, Бауыржан Момышұлы батырлығын насихаттау. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Мәтін мазмұнына байланысты әңгімелеу жүргізуде «метр» өлшем бірлігін қолдана отырып, математика пәнімен байланыстыру | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | «Сен білесің бе?» бағадрламасынан Бауыржан Момышұлы туралы бейнебаян көрсету | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманы дауыстап, қатесіз оқиды, әңгіменің мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастыра алады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойы, Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін қолданады. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут 4-7 минут | Ширату жаттығуы (Ұ, МК) «Айна» ойыны Ортаға бір оқушы шақырылады. Оқушыға суреттер көрсетіледі (немесе мұғалім өзі жүргізе алады). Суреттерге сүйене отырып ортада қимыл-қозғалыстар жасайды. Оқушылар қарама-қарсы тұрып, қимылдарды айнадан қарап тұрғандай қайталайды және қандай сурет екенін анықтайды. Жаттығуды орындау барысында оқушылардың қиялы дамиды, белсенділігі артады. Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: пулемет, әскер, жұлдыз, т.б. Бастапқы білімді қайталау (Ө; Ұ) «Ыстық картоп» ойыны Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің нұсқауымен ойын басталады. Ыстық картоп болып домаланған қағаз дайындалады. «Ыстық картоп» деп айтылған кезде балалар бір-біріне тез-тез кезектесіп беріп отыру керек. «Тоқта!» деген нұсқау берілген кезде кімнің қолында картоп қалды, сол бала тездетіп сұраққа жауап беру керек. Ойын әрі қарай жалғасын таба береді. «Тоқта!» деген нұсқау берілгенде ойын тоқтатылып, бастапқы білімге байланысты сұраққа жауап береді. Сұрақтар үлгісі:
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | сабақтың тақырыбына байланысты суреттер Слайд №1-3 Қосымша №1 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-12 минут 13-20 минут 21-28 минут 29-34 минут | 1-тапсырма (МК; Ұ) «Миға шабуыл» әдісі әрқылы суретте бейнелегне батыр туралы білетіндері бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырылады. Тақтағы бүгінгі сабақта қарастыратын мәтін кейіпкерінің суреті ілінеді. Оқушыларға кейіпкерге байланысты сұрақтар қойылады:
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. (Бұл кейіпкер туралы біз екінші сыныпта өткен болатынбыз. Кейіпкердің сырт киімінен әскер болғанын байқауға болады.) (Б) Мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріліп, сұраққа толық жауап бергендері бағаланады. «Жарайсың! Өте дұрыс жауап бердің.. Мәнді жауабың үшін ризамыз. 2-тапсырма (МК, Ұ, Т) «Өз бетінше оқу» әдісімен Нығмет Ғабдуллиннің «Батырдың мінезі» әңгімесін іштей, түсініп оқу ұсынылады. «Галереяны шарлау» әдісі арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, талдап, мазмұнын түсіну ұсынылады. Әр топқа мәтін мазмұнына байланысты бір сұрақтан таратылады. Оқушылар мәтінге сүйене отырып, сұраққа жауапты постер түрінде бейнелейді. Сұрақтар: 1 топ – Әңгімедегі Бауыржан батырдың әрекетіне қарап, қандай адам болған деп ойлайсың? 2 топ – Бауыржан батыр неге жолды өзі бастады? 3 топ – Жолды бастап бара жатқанда Бауыржан батыр қандай сезімде болды? Ал өзің оқып отырып не сезіндің? 4 топ – Мәтіннен Бауыржан Момышұлы жайлы не білдің? Қабырғаға әр топтың дайындалған постерлері ілінеді. «Галереяға саяхат жасап» топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және стикерге пікірін немесе сұрағын жабыстырады. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай әр топтың оқиғаны әңгімелеуі әртүрлі болатыны күтіледі. (ҚБ) «Бағдаршам» көздері арқылы топтар өзара бағалау жүргізу ұсынылады. қызыл = түсінген жоқпын сары = әлі де толықтыру қажет жасыл = барлығы түсінікті 3-тапсырма (МК, Ұ, Ө) «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы оқушыларға топтасып «Батырдың мінезі» әңгімесінде негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындау ұснылады. Тапсырма орындауға ұсынылатын кесте үлгісі:
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (ҚБ) Дескрипторлар арқылы балағау:
4-тапсырма (МК, Ұ, Ж) «Бір минуттық әңгіме» тәсілін қолдана отырып, ұсынылған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық таңдауына қарай мазмұндау ұсынылады. Жоспар үлгісі: 1.Журналист пен Бауыржан батырдың арасындағы әңгіме; 2.Әскердің көмілген минаға кез болуы; 3. Бауыржан Момышұлының әрекеті; 4. Бауыржанның қорытынды жауабы. Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен жұптасып қатарға тұрып, тақырыпшалар бойынша жұптық әңгіме жүргізеді. Оқылған шығарма бойынша әңгімелесу жүргізеді, өз ойларымен бөліседі. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауы ескеріледі. (ҚБ): шығарманың бөлігін мазмұндайы өзара «смайл» әдісі арқылы бағаланады. | Кейіпкер суреті Слайд №4 Қосымша №2 Қосымша №3 Слайд №5 Слайд №6 Қосымша №4 Қосымша №5 Слайд №7 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-38 минут 39-40 минут | 5-тапсырма (МК, Т) «Режисер» ойыны Әңгімедегі оқиғаға сүйеніп әр топқа киноның сценарийін жазу тапсырылады. Сценарий үлгісі:
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы үздік деп танылған сценарий үлгісін топтық бағалау. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Үйге тапсырма: «Бауыржан Момышұлы» фильмін көріп, фильмнің негізінде басты кейіпкер Бауыржан туралы әңгімелеу сырылады. | Қосымша №6 Слайд №8 «Бессаусақ» суреті,смай ликтер | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
1-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. (Бұл кейіпкер туралы біз екінші сыныпта өткен болатынбыз. Кейіпкердің сырт киімінен әскер болғанын байқауға болады.) 2-тапсырма Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай әр топтың оқиғаны әңгімелеуі әртүрлі болатыны күтіледі. 3–тапсырма Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 4-тапсырма Қорытынды тәсілі арқылы мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауы ескеріледі. 5–тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері «Бағдаршам» әдісі, «Смайл» әдісі, ауызша мадақтау т.б. | Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?