Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. «Қасым, Қасым, Қасымдар» Сәкен Иманасов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
Қосымша 1
Қасым, Қасым, Қасымдар
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Қасым атты Хан болған,
Арғы тегі – Ер Төре.
Текті туар тектіңнен,
Сел ағызып от тілден.
Не істесе де Елім мен
Жерім үшін деп білген.
Алғызбаған жауға да,
Барғызбаған дауға да.
Ел-жұртының сау басын
Салғызбаған саудаға.
Мұнар, мұнар, мұнар шың,
Мұнар шыңға құмарсың –
Қасым деген ақынды,
Естіген де шығарсың.
Асқақтатқан алашы,
Ақындардың дарасы.
Өзі айтқандай: «Аманжол,
Рақымжанның баласы».
Өлең үшін өрлеген,
Өрт еді ғой ол деген!
Өзі барда ешкімге,
Төрден орын бермеген.
Тағы бір Қасымның,-
Оққа байлап басын мың.
Ағын судың тұнығы,
Сынығы еді асылдың.
Отаным деп от кешкен,
Көкірегін кек тескен.
Шайқасыпты жаулармен
Жиырма жасқа жетпестен.
Есіме алып Ақынды,
Қасым ханды , Батырды.
Ырым етіп өзімше,
Қойып едім атыңды.
Дарынды да, нөсерлі
Күндер өтер көі өрлі.
Өз атыңа лайық
Азамат боп өс енді!
Сәкен Иманасов
Қосымша 2
Мысалдар | |
Теңеу | |
Эпитет |
Қосымша 3
.............. ................. оқыдым,
............................. тоқыдым.
Қасым деген атыңды,
............ .................. отырмын.
Қосымша 4
- Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
- Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
- Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
- Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
- Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?