Тыңдарманның назарын аударту. «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б.С. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 1.4 Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б.С. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда өз тұжырымдарын негіздей алады Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: өнердің тізгінін, ұстау, сүргі, белағаш Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Өлеңде Роза деген ат неше рет кездеседі? Олар кімдер? Ақын әншінің әсем үнін неге ұқсатады (теңейді)? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өлең мазмұны бойынша өнерге деген құрметін қалыптастыру. Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сөйлемдерді байланыстырып, қатесіз жазу арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ мазмұны бойынша слайд, АКТ мүмкіндіктері қолданылады | |||||
Бастапқы білім | Өлең жанрының екерешілін, ұйқасты біледі, өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді қолдана алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату. (Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» әдісі 1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. 2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады. 3. Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасына «Әнші болудың пайдасы мен зияны» деген сұрақ қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді. Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойып, тақырыпты ашады. Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 4 Слайд № 2, 3 | ||||
Сабақтың ортасы 04-12 мин 13-20 мин 21-24 мин 25-31 мин 32-38 мин | 1-тапсырма (Ө) Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлының «Сен даланың бұлбұлысың» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады.
Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. 2-тапсырма (Т, Ұ) «Бумеранг» әдісі. Өлеңде қайталанып кездесетін шумақтарды тап. Өлеңде осы сияқты қайталаулар ақынға не үшін қажет деп ойлайсың? 1. Әр топ мүшелері қайталанып кездесетін шумақтарды табады. 2. Тауып алған шумақтарды келесі топқа береді. (Үлгі: Шырқа, шырқа, сырлы құсым, Роза, Роза, Розамыз) 3.Олар сол шумақтарды өздерінің анықтағандарымен салыстырады. 4. Өлеңде қалып қойған шумақтар болса, мұғалім өзі әр топтан сұрауына болады. Саралау: Өлеңді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе. Мұғалім түсіндіруі: Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Мысалы, «Мұнар да мұнар» мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн» деген өлең жолдарында «күн» сөзін ақын бірнеше рет қолданған. 3-тапсырма (Т, Ұ) Қайталама ұйқасты қолданып, өлең шығарып көр. Мына сөздерден 4 жол өлең құрастыр. Әрбір тармақтан кейін «Өнерлі болғым келеді» деген жолды үш рет қайталап қолдан. 1. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп, берілген сөздерден өлең құрастырады. Сөздер: Күллі әлем, Бармағынан, құйқылжытып, балтамған, тамсанған, ән салған 2. Шағын топта құрастырған өлеңдерін қорғайды. Саралау: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. 4-тапсырма (Т) ««Жаңғақ» әдісі. Өлең мазмұнына сәйкес келетін мақал- мәтелдерді жаз. 1. Оқушылар өз қалауымен топқа бірігеді . 2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына жазғандарын салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с). 3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 мақал жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды. 4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оның тақырыпқа сәйкес келетінін/келмейтінін айтады. Егер оқушы мақалды сәйкес келеді деп есептесе өзіне қалдырады. 5. «Жаңғақты» қораптан алар кезде реттілік сақталуы тиіс. 5. Қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады. Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз. Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады. | Слайд № 5 Қосымша № 1 Слайд № 6 Қосымша № 2 Слайд № 7 Слайд № 8 Қосымша № 3 Слайд № 9 | ||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады «Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады. | Слайд № 10 | ||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. 2-тапсырма. Өлеңді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 3-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. 4 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз. |
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?