Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі
Оқу мақсаттары:
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.
Бағалау критерийлері
- шығармадан қажетті ақпаратты табады;
- шығарманың мазмұнын бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
- сұрақтараға жауап береді.
Қажетті ресурстар: күн шуағы, аялдама суреті, А4 қағазы
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
Сыныпты оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөліңіз. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы әр топқа алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін бойынша сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз. Ол үшін бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған сұрақтарға жауап береді, сол арқылы өткен сабақты мазмұндайды.
Сабақ мақсаты: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма.
Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін анықтауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың білетін білімдерін қодана алуға дағдыландырады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
«Өнер түрлерін анықта. Қандай түрлерін білесің?» деген тапсырма беріңіз. Сұраққа жауап беруді «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы ұйымдастырыңыз.
1.Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.
2. Жұптас. Жұбына өз жауабы жайлы айтады.
3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады. Жауаптарын күн күлтешесіне жазады. Жақсы (сары жолаққа) мен жамады (қоңыр жолаққа) ажыратып жазады.
Саралау: қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.
Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
«Жеті өнерпаз» мәтінін (Т,Ө) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар ертегіні аялдау арқылы бөліктермен оқиды.
1. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, тоқтатады.
1-аялдама: Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Мұғалім сұрақ қояды. (Ертегі қалай басталады? Ханның қызын құтқару үшін бас уәзір қайда барады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.
2-аялдама: Екінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Жеті өнерпаздың қолынан келетін өнері қызды құтқаруға қалай көмектесті? Ертегідегі қай оқиға қиялға жатады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.
2. Ертегіні тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.
3-тапсырма.
Тапсырма мәтін мазұны бойынша сұрақтар құрастыруға береді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың өз пікірлерін білдіре алу дағдылары дамиды.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) ««Жаңғақ» әдісі арқылы белгілеген ақпараттарды қолданып ертегі бойынша сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз.
1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.
2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).
3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.
4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.
«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.
5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
«Мәтінді түсініп оқы. Сыныптасыңның әңгіме мазмұнын түсінгенін қалай тексерер едің? Сұрақтар құрастыр. Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер» деген тапсырма беріңіз.
Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көкала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін.
Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын.
Дескриптор
- мәтін мазмұны бойынша қолдануға/бағалауға бағытталған сұрақтар қояды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың соңы.:
Рефлексия: «Ұшақ» әдісі. Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөліседі.
Маған бүгінгі сабақ ұнады...
- Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
- Маған бүгінгі сабақта қиын болды...
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?