«Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қ

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3. 4 Қатені табу және түзету

«Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев

Оқу мақсаттары

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді

Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табады және түзетеді, өзіндік пікірін дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  • сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • орфографиялық, пукнтуциялық қателерді тауып, түзетеді;
  • қатесіз, сауатты жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: табиғи талант, делебесі қозу, талап

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өнердің қандай түрлерін білесің? Өнерлі деп кімді айтамыз? Жарқынтайдың әрекетінің артықшылығын және кемшілігін бағала.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Тапсырманы орындай отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздерге дұрыс жалғау, тыныс белгілерін дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан суреттер мен тапсырмалар әзірленген презентация көрсету

Бастапқы білім

Мәтіндегі оқиғалар ретін біледі, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, сөйлемнің тыныс белгілерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы: «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. Сұраққа жауап бер. Өнердің қандай түрлерін білесің? Әнші деп кімді айтамыз?

Ойын шарты: Сыртқы шеңбер айнала отыра, ішкі шеңбердегі оқушыларға берілген сұрақтарды қояды. Айналым аяқталған соң, мұғалім оқушылардың жасаған іс-әрекеті негізінде оқылатын мәтіннің не жайында болатынын және сабақ мақсатын бірге анықтайды.

Сабақ мақсаты: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табауып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бересіңдер. Бағалау критерийімен таныстыру

Слайд № 4

Слайд № 2, 3

1-тапсырма

(ЖЖ). «Суреттер сөйлейді» әдісі

Суреттегі оқиғаға дейін, оқиғадан кейін не болуы мүмкін? Сурет бойынша сұрақ құрастыр және жауап бер.

1.Оқушылар оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін, сурет бойынша сұрақтар құрастырады.

2. Алдымен олар жұптарымен ойларын бөлісіп, қандай сұрақтар қоюға болатыны туралы айтады.

3. Топта сурет бойынша 3 сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтарды «Сұрақтар жәшігіне» салады.

4. Одан соң топтар кезекпен сұрақ қойып,сұрақтарға жауап береді.

Саралау: Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Б: «Смайликтер». Оқушылар тақырыпқа қатысты алған білімдерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

1- смайлик. Қажетті ақпаратты таба алдым.

2-смайлик. Ақпаратты таптым, бірақ бәрін емес.

3-смайлик. Таба алмадым, қайталап қарау қажет.

2-тапсырма

(Ө) «Үш сөз және сөйлем» әдісі. Жолтай Әлмашевтың «Әдемі қыздың әні»

Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап, «Әдемі қыздың әні» мәтінін іштей түсініп оқы.

1. Мұғалім мәтіннің басын дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап отырады. Мұғалім оқыған бөліктегі оқиғаны бірігіп анықтайды.

2.Оқушылар мәтінді әрі қарай жалғастырып оқиды. Әңгімені оқып шығу үшін уақыт беріледі. Оқи отырып мәтіндегі оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап отырады.

3.Оқиғаның дамуындағы өзгерістер жайлы жинағандарын, ортада талқылап өз пікірлерін ортаға салады.

4.Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:

Мәтінде негізгі ойды беріп тұрған 3 тірек сөзді ата. (Мыс: табиғи талант, делебесі қозу, талап). Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған 3 сөйлемді айт. ( Мыс: Әпке, Жансәуле қалай әнші болған, ондай болу үшін не істеу керек?)

5. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін әңгімені қайта шолуды тапсырыңыз.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады

Б: «Күншуақ». Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:

Барлығын түсінсе - күнді

Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты

Ештеңе түсінбесе – бұлтты

3-тапсырма

(Ұ, ЖЖ) «Ар-ождан аллеясы» стратегиясы Жарқынтайдың әрекетінің артықшылығын және кемшілігін бағала.

1. Алдымен оқушылар кейіпкер әрекетінің артықшылығы мен кемшілігін екеуден талқылайды.

2. Содан кейін оқушылар екі қатарға тізіліп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, ал бір оқушы «Жарқынтайдың» рөлін сомдайды.

3.Кейіпкердің рөлін ойнайтын оқушы олардың ортасынан өтеді.

4.Кейіпкер қатардың ортасымен жүріп келе жатқанда, қалған оқушылар белгілі бір әрекетке қатысты өздерінің келісетін немесе келіспейтін ойлары мен көзқарастарын дауыстап айтады. (Мыс: наның күйігін жегеніңмен келіспеймін)

5. Кейіпкер қатардан өткен соң, олар неге ондай шешім қабылдағанын түсініп, эпизодтерді салыстырады.

6. Оқушылардың жауаптары бойынша кері байланыс ұсыныңыз.

Саралау: Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

4- тапсырма

(Т,Ұ) Мәтін үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жаз.

  • Карточкаға жазылған келесі мәтін оқушыларға таратылады.( Жансәуле – әдемі қыз. Ән салу Жансәулеге құйып қойғандай жарасып тұр. Мұғалім оған үнемі ән айтқызады. Сосын өзі төмен қарап отырып, қатты тыңдайды.)
  • Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды.

3. Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады.

4. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «көп қателестім»

Слайд № 5

Қосымша № 2

стикер

Слайд № 6

Қосымша № 1

Слайд № 7

Слайд № 8

Қосымша № 3

Сабақтың соңы

Рефлексия «Бір минут» әдісі.

Кері байланыс. Бір минут. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Слайд № 9

Саралау

1-тапсырма. Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп,идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

2-тапсырма Қарқын тәсілі. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

3-тапсырма. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

4-тапсырма. Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;
  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  • сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • қателереді табады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу