«Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ

 

  – Балалар, міне, жаңа оқу жылы басталды. Бүгін сурет үйірмесінің алғашқы сабағы. Бүгінгі сабақта сурет өнеріндегі «Ана бейнесімен» танысамыз.

 Жер бетіндегі тіршілік атаулы Анадан басталады. Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ана алдында бәріміз қарыздармыз. Мынау алдарыңда жатқан ертедегі мысырлық суретші Леонардо да Винчидің анаға арнап салған суреті. Атақты «Мадонна Литта», – деп, Салауат ағай суреттерді таныстыра бастады. Мынау италян суретшісі Рафаэль Сантидің «Мадоннасы». Енді мына суретші Қанафия Телжановтың «Жамал» туындысына назар аударыңдар. Ол кісі өз анасының бейнесін салған. Жамалдың жүзінен қазақ аналарына тән байсалдылық, мейір нұры төгіліп тұр, – деді.

 Осы кезде ойда жоқта әлдене тарс етті. Оқушылар жаппай бұрылып қарады. Ержан еңкейіп шашылған акварельдерін жинастырып жатыр екен. Еңкейіп күш түскендіктен бе, ұялғаннан ба, екі беті қып-қызыл болып кетіпті.

 Салауат ағай мұндайда «Неге өйттің? Неге бүйттің?», – деп, қазбалап ештеңе сұрамайды. Байыппен тыныштық орнауын тосты.

 Бірақ Ержан орнына отыра қоймады. Акварелінің қақпағын жауып, сөмкесіне салды да

 – Ағай, мен кетемін, – деді солбырайып.

 – Қайда? – деді мұғалім аң-таң болып.

 – Үйірмеден кетем.

 – Неге?

 – Менің сурет салғым келмейді.

 Сөмкесін салғырт сүйретіп, есікке беттеді. Бүкіл сынып төбеден жәй түскендей тымпиып-тымпиып отыр. Ержан есіктен шығып бара жатып:

 – Менен суретші шықпайды. Менің ана суретшілер сияқты ана бейнесін салу қолымнан келмейді, – деді, сөзін нықтап.

 Есік жабылды. Тырп-тырп етіп, сүйрете басқан аяқ дыбысы дәліз қуалай алыстап барады.

  Салауат ағай қызарып, не істерін білмей қалды. Балаларға тура қарамай:

 – Не болды өзі? Қай жерден кемшілік жібердім? – деп өз-өзіне іштей сұрақ қойды.

 

 Марат Қабанбай

ҚОСЫМША 2

Мұғалім сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақты қалай бастады?

Сыныпта қандай күтпеген жағдай болды?

Неліктен Ержан ана бейнесін салғысы келмеді?

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

Жоспар:

1. Алғашқы сабақ күні

2. Ержанның іс-әрекеті

3. Менен суретші шықпайды

4. Салауат ағайдың ойы

ҚОСЫМША 5

 Рефлексия: «Түрлі-түсті қарындаш» әдісі

 

 Оқушылар өздерінің түрлі-түсті қарындаштарын алып, бүгінгі сабақтары бойынша өздеріне баға береді.

 Жасыл түсті қарындаш – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

 Сары түсті қарындаш - мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

 Қызыл түсті қарындаш – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

[attachment=25928:did-mater-shyarmany-mazmndau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу