Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов
Оқу мақсаттары:
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады және сөйлеу барысында фотоны қолдануды біледі.
Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді.
Бағалау критерийлері
- мәтінді түсініп оқиды;
- дереккөздерден ақпаратты табады;
- ақпаратты берілген кестеге салады;
- сөйлеу барысында фотоны қолдануды біледі.
Қажетті ресурстар: түрлі -түсті қима қағаздар, маркерлер, кесте, карточка
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөліңіз. Ол үшін түрлі -түсті қима қағаздарды әр оқушы алады. Сол түстер бейнелеген топқа барып отырады. Қима қағаздардың бөліктерін біріктіру арқылы мозаиканы құрастырады. Құрастырған суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. Суреттер қосымшада берілген.
«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны арқылы сұраққа жауап беруді ұымдастырыңыз. Сұрақты мұғалім «сұрақ менен, жауап сенен» деп бір оқушығы айтады, ол оқушы сұраққа жауап береді.
Сұрақтар үлгісі.
- Суреттен не байқадыңдар?
- Суретте кімер бейнеленген?
- Олар жайында не айта аламыз? Ақпаратты қайдан аламыз?
Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.
Сабақ мақсаты: Олай болса, біздің бүгінгі сабағымызда шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты тауып және ақпаратты берілген кестеге салып және сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдануды үйренеміз. Бағалау критерийімен таныстыру..
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің кім жайында екенін анықтауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың білетін білімдерін қодана алуға дағдыландырады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т, Ө) Бұл тапсырма «Екі мәлімет» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Оқушыларға Ә.Қашаубаевтың суретін тақтадан көрсетп «Суреттегі кім? Ол жайлы не білесің?» «Сурет бойынша өзі білетін және білгісі келетін екі мәліметті айт» деп тапсырма ұсыныңыз.
- Алдымен суреттен кімді көріп тұрғандары сұралады, ортаға өз ойларын салып бөліседі.
- Одан соң топтар берілген кестені толтырады.
5. Топтардың жұмыстары тыңдалып, жетістіктері бағаланады.
6. Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін тыңдатыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=HbKhn88IiDk
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардан сурет бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылардан қосымша мәліметтер бойынша тұжырымдай білуге ынталандырылады.
Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай – ұнады
Басбармақ көлденең – орташа
Басбармақ төмен қарай – ұнаған жоқ
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) Бұл тапсырмада «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімовтың мәтінін оқитындарын айтыңыз.
1. Мәтіннің бір бөлігін дауыстап оқып беріңіз. Оқушылардан мұқият тыңдауды сұраңыз. Содан соң оқушылардан әрі қарай өздерінің оқуларын сұраңыз.
2. Оқушыларға мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. Мәтінді оқушылардың іштей түсініп оқуларына жағдай жасаңыз.
3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
- Мәтін кім жайында?
- Мәтінен не түсіндің?
- Әннің ұнағанын қандай сөздерден байқауға болады??
- Алдыңғы тапсырмадағы Әміре жайлы білетінің мен білгің келетіні жайлы мәтіннен ақпарат алдың ба?
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.
Б: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы».
3-тапсырма
Тапсырма дереккөздерден ақпаратты табуға беріледі және жазылым алады тапсырмасы. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы ақпараттарды жүйелей алуға дағдыланады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т,ЖЖ) «А,В,С» әдісі арқылы Әміре Қашаубаев туралы қосымша ақпарат жинау тапсырмасы беріледі.
1. «Әміре Қашаубаев» туралы ақпараттары бар қосымша журналдар, кітаптар, интернет материалдар таратылады. (https://www.youtube.com/watch?v=gLgpufD8pDE https://www.inform.kz/kz/kashaubaev-amire_a2222588
2. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — дереккөзден Әміре туралы ақпаратты табады, В – ақпаратты оқып талдайды, С — ақпаратты жинақтап жазады.
Саралау: Оқушыларға рөлдер қабілетінің ерекшелігіне қарай бөлінеді және әр рөлдері бойынша есеп беру мүмкіндіктері ескеріледі.
Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін
4-тапсырма
Бұл жазымылым тапсырмасы алдында жинаған ақпараттарды қолдана отырып кестені толтыруға арналған. Жинаған ақпараттарды жүйелеп жазауға дағдыландырады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т,ЖЖ) Кестені толтыр.
1. Оқушылар дереккөзден жинаған материалдары бойынша кестені толтырады. Кестедегі мәліметтер оқушылардың тапқан ақпараттарына қарай ауысады.
Туған жылы | Парижде шырқаған әндері | Туған жері |
|
|
|
2.Кестені толтырып болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.
3.Олар кестенің мазмұнын талқылайды, өзара бағалайды.
4.Бағалау аяқталғаннан кейін, кестелер сынып қабырғаларына ілінеді. Оқушылар қосымша ақпараттармен танысады.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіледі, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Б:"Табыс сатысы" әдісі арқылы оқушылар тақырыпты түсінгені бойынша қай сатыда тұрғаның белгілейді.
Сабақтың соңы:
Рефлексия: «Кубик» әдісін қоланыңыз.
Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.
- Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
- 2 есте сақтайтын нәрсені ата.
- Сен үшін қиындық тудырған не?
- Қай тапсырма саған ұнады?
- Сабаққа байланысты бір сұрақ.
- Келесі сабақтан не үйренгің келеді?
(Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?