Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау. «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов
Оқу мақсаттары:
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі
Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, нақыл сөздерді қолдануды біледі.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады.
Бағалау критерийлері
- өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
- сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі.
Қажетті ресурстар: 3x3 шаршысы, флипчарт, ереже жазылған карточкалар
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
(ЖЖ) 3x3 шаршысында əртүрлі мақалдар орналастырыңыз. Оқушылар сандарды таңдап, сол санға тиісті мақалды оқып түсінгендерін айтыды.
1 | 4 |
2 | 3 |
6 | 5 |
- Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер.
- Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
- Өнерлі бала сүйкімді.
- Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
- Қол өнері кілемде.
Сөз өнері өлеңде.
- Өнерлі адам ешкімге жалынбайды.
Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.
Сабақ мақсаты: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
Бұл тапсырма оқылатын шығарма алдында алынады, яғни өлеңнің мазмұнына байланысты ой қозғауға негізделеді. Бұл арқылы оқушылар өз ойларын топтық талдауға сала алуды үйренеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,ЖЖ,Т) «Фрайер» әдісі арқылы «Қобызшы» деп кімді айтамыз? Өз ойыңды жеке жаз. Ортақ пікірге келіп, негізгі ойды анықта» деген тапсырма беріңіз.
1. Ол үшін алдымен оқушылар 4-5 оқушыдан топқа бөлінеді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі.
2. (Ө) «Қобызшы» дегеніміз кім? – деген сұрақтың жауабына әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына жазу тапсырылады.
3. (ЖЖ;Т) Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдау керек. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңберідің ортасына жазылу керек.
4. Оқушылардың жауаптарын «Екі бұрыш» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар басқа топтардың позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.
Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
2-тапсырма
Тапсырма өлеңді түсініп оқуға және сұрақтарға жауап беруге негізделген.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
«Моделденген оқылым» әдісі арқылы Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Мен қалай қобызшы атандым?» өлеңін түсініп оқуды ұйымдастырыңыз.
1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі арқылы өлеңді дауыстап оқып беріңіз. Оқушылар мұқият тыңдайды. Қажеттілігіне қарай өлеңді қайталап оқуға болады.
2. (Ө) Өлеңді оқушыларға іштей оқу тапсырылады..
3. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі.(ағаш ұстасы, қаз мойынды сап, әсем күй).
3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.
4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
1. Өлең не туралы?
2. Өлеңдегі Құрманғазы туралы не білесің?
3. Қобызбен тартқан күйдің әсері қалай сипатталған?
4. Өлең неше шумақтан тұрады?
5. Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған?
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі.
Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
3-тапсырма.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауды, өлең бойынша талау жасауды үйренеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық
(Ұ,Т) Өлеңді талдау үшін әрбір топтың мүшесіне карточкаларда жазылған төмендегі ережелер таратып беріңіз. (Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналады. Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады. Өлеңнің бір бөлшегі – шумақ. Шумақ – кемінде төрт жолдан құрылады. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.)
2. Топ мүшелері келесі критерийлер бойынша «Мен қалай қобызшы атандым?» өлеңін талдайды.
Өлең тақырыбы________________________
Өлеңдегі шумақтар саны________________
Өлеңдегі ұйқас саны____________________
3. Топтар өз талдағандары бойынша қорытынды ойларын көрсетеді.
4.Барлық топтардың жұмыстары қорғалады, соңғы дұрыс жауаптармен сәйкестендіріледі.
Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.
4-тапсырма
Бұл алдыңғы тапсырмада алған ақпараттарды қолдана отырып және нақыл сөздерді қолдана отырып өз ойларын жазуға арналған тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық
(Ө, Т). 1. Өлең мазмұны мен «Орман аралаған үйші болар, Қобыз сыралаған (безендірген) күйші болар» деген мақалды байланыстырып өз ойын жазуды тапсырыңыз.
2.Мақалдың мағынасын ашу үшін алдымен түсіндірме жұыстарын жүргізіңіз.
3.Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша әңгімелеп жазуға дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріледі.
4.Әңгімені әр оқушы жеке жазады. Жеке жазу барысында оқушылардың ерекшеліктерін есекеріп көмек көрсетіңіз.
5.Жазып болған соң әр оқушының жазғандары бойынша кері байланыс беріңіз.
Саралау: «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.
Б «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
Сабақтың соңы
Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісін қоланыңыз. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?