Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды қ. Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов | ||||
Оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану. | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, нақыл сөздерді қолдануды біледі. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: ағаш ұстасы, қаз мойынды сап, әсем күй Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1. Қобызбен тартқан күйдің әсері қалай сипатталған? 2. Өлең неше шумақтан тұрады? 3. Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған? 4. «Қобызшы» деп кімді айтамыз? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар топтық жұмыс барысында бір – бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке дағдыланады | ||||
Пәнаралық байланыстар | Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||
Бастапқы білім | Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін біледі, өз ойын жеткізуде вербалды емес тілдік құралдарды қолданады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату тапсырмасы 1. 3x3 шаршысында əртүрлі мақалдар орналасқан. Оқушылар сандарды таңдап, сол санға тиісті мақалды таңдауы керек. 2. (ҰЖ) Әр оқушы өзінің таңдаған мақалы бойынша түсінгендерін айтады. Сабақ мақсатын бірге айқындау: 1. Оқушылардан қандай іс-әрекеттер жасағандары жайлы сұралады. - Оның бүгінгі сабақпен қандай қатысы бар екендігі талданады. (Мақал-мәтелдерді қолдану). Сол арқылы сабақ мақсаты айқындалады, яғни өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі. Бағалау критерийімен таныстыру. | Сөйлемдер жазылған, жабыстырылатын карточкалар. Слайд № 4 Қосымша №2 Слайд №2,3 | |||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-23 минут
24-30 минут 31-35 минут | 1-тапсырма (Ө,ЖЖ,Т) «Фрайер» әдісі. «Қобызшы» деп кімді айтамыз? Өз ойыңды жеке жаз. Ортақ пікірге келіп, негізгі ойды анықта. 1. Оқушылар 4-5 оқушыдан топқа бөлінеді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі. 2. (Ө) «Қобызшы» дегеніміз кім? – деген сұрақтың жауабына әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына жазу тапсырылады. 3. (ЖЖ;Т) Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдау керек. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңберідің ортасына жазылу керек. 4. Оқушылардың жауаптарын «Екі бұрыш» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар басқа топтардың позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді. Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады. Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады. 2-тапсырма «Моделденген оқылым» әдісі. Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Мен қалай қобызшы атандым?» өлеңін түсініп оқы. 1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен өлеңді мұғалім дауыстап оқиды. 2. (Ө) Өлеңді оқушыларға іштей оқу тапсырылады.. 3. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі.(ағаш ұстасы, қаз мойынды сап, әсем күй). 3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады. 4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады. 1. Өлең не туралы? 2. Өлеңдегі Құрманғазы туралы не білесің? 3. Қобызбен тартқан күйдің әсері қалай сипатталған? 4. Өлең неше шумақтан тұрады? 5. Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған? Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі. Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды. 3-тапсырма (Ұ,Т) Өлеңді талда 1. Әрбір топтың мүшесіне карточкаларда жазылған төмендегі ережелер беріледі. (Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналады. Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады. Өлеңнің бір бөлшегі – шумақ. Шумақ – кемінде төрт жолдан құрылады. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.) 2. Топ мүшелері келесі критерийлер бойынша «Мен қалай қобызшы атандым?» өлеңін талдайды. Өлең тақырыбы________________________ Өлеңдегі шумақтар саны________________ Өлеңдегі ұйқас саны____________________ 3. Топтар өз талдағандары бойынша қорытынды ойларын көрсетеді. 4. Барлық топтардың жұмыстары қорғалады, соңғы дұрыс жауаптармен сәйкестендіріледі. Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады. 4- тапсырма (Ө, Т). Мақалды пайдаланып өз ойыңды жаз. 1. Өлең мазмұны мен «Орман аралаған үйші болар, Қобыз сыралаған (безендірген) күйші болар» деген мақалды байланыстырып өз ойыңды жаз. 2. Мақалдың мағынасын ашу үшін мұғалім түсіндірме жұыстарын жүргізеді. 3.Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша әңгімелеп жазуға дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріледі. 4. Әңгімені әр оқушы жеке жазады. 5. Жетістіктері бағаланады. Саралау: «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. Б «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды. | Флипчарт, маркер Слайд № 5 Қосымша № 3 Слайд № 6 Қосымша № 1 Қосымша № 4 Слайд № 7 Қосымша № 5 Слайд № 8 | |||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісі. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. | Слайд № 9 | |||
Саралау. Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау» негізінде орындалады. Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады. 2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі. 3 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады. 4 – тапсырма «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. | Дескриптор
|
| |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?