Сурет салу-өнер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Сурет салу-өнер «Бәрібір өкінбеймін» Марат Қабанбай
Оқу мақсаттары
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Көпшілік оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады
Бағалау критерийлері
- Шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды
- Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
- Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді
- Ойын сурет арқылы жеткізеді
Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Есім және қимыл» жаттығуы
Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады.
Оқушылар табиғат көрінісіне байланысты суреттер арқылы топтарға бөлінеді
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Марат Қабанбай 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Ол-балалар жазушысы. Бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі-«Айшылық алыс жол» атты романы.
1-тапсырма
(ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі
Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады
Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
Нұсқаулық
Топтағы оқушылар үшеуден бөлініп мәтін бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар өз ойларымен бөліседі
2-тапсырма
(ЖЖ) «Сандықша » әдісі
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
Үлгі:
-Әңгіме кімге қатысты айтылған?
-Жазушы неге өкінбейді екен?
-«Сурет салу-өнер»дегенді қалай түсінесің?
Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады
Нұсқаулық
Оқушылардың деңгейіне қарай ашық және жабық сұрақтар құрастырылады. Сұрақтарға толық, нақты жауап берулерін қадағалау
ҚБ «Қол шапалақтау»
Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.
Ресурстар:Қорап немесе сандықша дайындау
Ойын: «Қателіктерді тап»
Суретші баланың жіберген қателіктерін табады
3-тапсырма
Талқылайық «Рөльдік ойын» әдісі
- Сілтеме табушы: мәтіндегі ең қызық жерін табу
- Із қуушы: ары қарай не болады деп ойлайсың?
- Дәнекер: шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды, өмірмен байланыстыр
- Сұрақ қоюшы: кез келген топқа мәтін бойынша сұрақ қояды.
- Сөз тапқыш: осы оқиғаға байланысты мақал айту
- Мінездеме беруші: кейіпкерге мінездеме беру.
Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.
Нұсқаулық
Топтағы барлық оқушылар жұмыс жасайды. Оқушыларға тапсырмасы бойынша бағыт-бағдар беріледі
ҚБ «Бағдаршам»
Қызыл-түсінбедім
Сары-түсініксіздеу
Жасыл-түсінікті
4-тапсырма (ЖЖ) «Сурет сал» әдісі
Жұптарға өлең таратылады.Оқыған өлеңдері бойынша жұппен сурет салады. Салған суреттерін іледі және топ алдында қорғайды
Саралау: Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді
Нұсқаулық
Тақырып бойынша жұмыс жасауларына назар аудару. Жасаған жұмыстарын тақтаға іледі. Оқушылар жұмыстарды бағалайды
Ресурстар:Өлең жазылған парақтар
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.
Сабақтың соңы
«Кемпірқосақ» әдісі
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?