Мен де атқа міне аламын. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Атқа міну-өнер «Мен де атқа міне аламын» Алан Маршал | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау; 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Шығарманың мазмұнын жоспар бойынша әңгімелейді Көпшілік оқушылар: Шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады Кейбір оқушылар: Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтайды | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Шабандоз,атәбзелдері | |||||
Құндылықтарды дарыту | «Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін,білімді, білікті,рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын, пікірін білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысы, жалғау мен жұрнақты дұрыс қолдау арқылы қаза тілі пәнімен байланыс жасалады. Әлеуметтік ортада жол қауіпсіздік ережесін сақтау арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтінді түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын таба біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату «Сәлемдесу» ойыны Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен Топтарға бөліну Балалардың түрлі түсті қалпақ таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады | Қосымша 1 слайд №1-3 | ||||
Сабақтың ортасы 6-14 минут 15-20 минут
21-28 минут 29-36минут | Білу Алан Маршалл (1902-1984)-ағылшын жазушысы және публицист.Алты жасынан бастап сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалған. Соған қарамастан жүзуді, атқа мінуді үйренген. «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» деп аталатын кітап жазды. 1-тапсырма (Т,Ұ) «Мәтінмен жұмыс» әдісі Топтарға тапсырма беру -Мәтінді оқып, бірнеше бөліктерге бөлу.Әр бөлікке тақырып беріп, жоспар құру; -Әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; - Оқиғада болған өзгерістерді атайды; Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау. 2-тапсырма (Ж,ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді -Алан нені армандаған? -Боб неге өз атын берді? -Аланның әкесі туралы сен не ойлайсың? -Аланның іс-әрекетінен нені үйренуге болады? Саралау:Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. ҚБ «Қол шапалақтау» 3-тапсырма (Т) «Ақылдың алты ойлау қалпағы»әдісі Ақ қалпақ-Әңгіме қалай аталады? Ол кімге қатысты айтылған? Әңгімені жазған кім? Қара қалпақ-Аланның өмірінде қандай қиындық болды? Сары қалпақ-Аланды сипатта. Ол алдына қандай мақсат қойды? Нені армандаған? Қызыл қалпақ-Аланның әкесінің соңғы сөзінде қандай мән бар? Жасыл қалпақ-Аланның әкесінің ақылы туралы сен не ойлайсың? Көк қалпақ-Аланның іс-әрекетінен не үйрендің? Саралау: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады. ҚБ « Смайликтер» 4-тапсырма (Т) «Сурет сал» әдісі Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады ҚБ «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. | Оқулық 34 бет Слайд №4 Қосымша 2 https://www.google.kz/search?q=алан+маршалл+портреты Оқулық 34-36 беттер Түсіндірме сөздік Қосымша 3 Слайд №5 Слайд №6 Қосымша 4 | ||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия «Иық тірескен шеңбер» әдісі Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.. Кері байланыс Ағашқа жапырақтар ілу Жасыл-Бәрі түсінікті Сары-Түсінікті Қызыл-Түсінбегендерім бар | Қосымша 5 Слайд №7 | ||||
Саралау 1-тапсырма Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. 2-тапсырма Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. 3-тапсырма Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді. 4-тапсырма Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады | Бағалау -«Жарайсың! Өте жақсы» -«Қол шапалақтау» әдісі -« Смайликтер» әдісі -«Бір-бірін бағалау»әдісі Дескриптор - мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды - әр бөлікке сәйкес тақырып қояды. - мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды -сұрақтардың негізінде ой қорытады - мәтіндегі оқиғада болған өзгерістерді атайды; | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\ елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?