Ойнай білу де-өнер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ойнай білу де -өнер «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп баға береді Көпшілік оқушылар: Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды Кейбір оқушылар: Шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Асық ойыны,мергендік,снаряд,илану | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.Достық, адалдық, шығармашылық құндылықтары қалыптасады | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Диалог, өз ойын білдіруде сөздерді орынды қолдану кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,аудиоүнтаспа | |||||||||||||||||||
Алдыңғы білімді игеру | Шығарма жанрларын біледі, сөйлеу барысында сөздерді мағынасына қарай қолдана алады. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5минут | Топқа бөлу: Ұлттық ойындар арқылы топтарға бөлінеді 1-топ «Орамал тастау» ойыны 2-топ «Асық»ойыны 3-топ «Теңге алу»ойыны 4-топ «Соқыртеке» ойыны Топтар таңдаған ұлттық ойындары туралы түсінік береді Ширату тапсырмасы: Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса, сақа ғой Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса, аға ғой Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | Қосымша 1 Слайд №1-3 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-15минут 16-21 минут
22-30 минут 31-36 минут | Автормен танысу Оспанхан Әубәкіров (1934-1986) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған. Ақынның «Күлеміз-ау», «Қағаз қалпақ» және т.б жыр жинақтары бар. 1-тапсырма (Ж,Т) Оспанхан Әубәкіров «Елдестің ойыны» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды. Саралау: Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды 2-тапсырма (ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. -Елдестің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір. -Балалар Елдестің асығын арқардың асығы дегенге өз ойыңды айт -Асық ойынының ерекшелігі туралы түсіндірме беріп көр Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады. ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі 3-тапсырма (Т,Ұ) Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасау
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады. ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалау 4-тапсырма (Ө;Т) Аяқталу бөліміндегі жазбаға түсіндірме береді. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. | Қосымша 2 https://www.google.kz/search?q=оспанхан+әубәкіров+суреті&rlz Слайд №4 Оқулық 39-40 беттер Слайд № 5 Слайд №6 Қосымша 3 Қосымша 4 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | «Жетістік баспалдағы» әдісі «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Өте жақсы түсіндім Жақсы түсіндім Түсіндім | Қосымша 5 Слайд №7 | ||||||||||||||||||
Саралау 1 тапсырмада Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады 2 тапсырмада Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады. 3 тапсырмада Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады. 4 тапсырмада Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. | Бағалау «Бір- бірін бағалау» әдісі «Қол шапалақтау» әдісі «Смайликтер» әдісі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі Дескриптор - кейіпкердің іс-әрекетіне қарап, мінез-құлқын айтады; -сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады; - оқиғаның соңын болжап айтады; - шығарманың құрылымын анықтайды; | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?