Асқақтаған кірпіштер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Аударған М.Қуанышбеков Асқақтаған кірпіштер
Оқу мақсаттары:
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды, кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
Кейбір оқушылар: өз ойын көркем бейнелі сөздерді қолданып айтады, сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.
Бағалау критерийлері:
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
- хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;
- сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды мамандық иелерімен (өз таңдауыңыз бойынша)5 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Қалаушы»
2-топ: «Жүргізуші»
3-топ: «Ақтаушы»
4-топ: «Сылақшы»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«INSERT немесе түртіп алу» әдісімен «Қалаушы» туралы не білетінін кестеге толтыра отырып, сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Білемін | Жаңа мәлімет | Білмеймін | Сұрақ туды |
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
2-тапсырма
«Бірлесіп оқу» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқиды.
«Дәйексөз» тәсілі арқылы
1.Өз сөзімен толық мазмұндайды.
2.Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3.Кейіпкер хат жазады.
(ҚБ) Дескриптор
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойды;
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді;
кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазды;
хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтады
сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазды.
3- тапсырма
«Асқақтаған кірпіштер» мәтініндегі оқиғаларға сүйеніп, «Суреттеуші» бөлімі бойынша сурет түрінде салады. Оқушылардың сурет салу қабілеті бұл жерде маңызды емес.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) смайлик арқылы бағалау.
4-тапсырма
«Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырады. Диалог құрастыруда сұрақтардың дұрыс құрастырылуына назар аударылады. Тпасырма жұпта орындалады. Оқушылар сұрақты жеке құрастырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды
ІІІ. Сабақтың соңы
Кері байланыс: «Ұшақ»
Оң қанатына бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегенді сол қанатына жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?