Асқақтаған кірпіштер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Білемін | Жаңа мәлімет | Білмеймін | Сұрақ туды | |
Асқақтаған кірпіштер (мәтін балаларға таратылып беріледі)
Тас қалаушы кірпіштерді қалап жөніне кетті. Сол –ақ екен, кірпіштерге жан бітіп, өзді-өзі даурыға бастады.
-Түу, неткен биіктік! Тіпті ай да, жұлдыздар да қол созымда тұр,- деп, жоғарыдағы кірпіштер айғай салысты.
-Тынышталыңдар! Биікте тұрғандарың кімнің арқасы, - деп төмендегі Ата кірпіш ақыл айтып көріп еді, ешқайсысы құлақ аспады. Даурығып, жоғарыдағылар төмендегілерге ұйқы бермеді.
-Бұлары несі? Біз болсақ иініміз талып, оларды көтеріп тұрмыз,- деді төмендегі кірпіштер жыламсырап.
Ата кірпішке шағым айтты:- Ата, қалай да бізді бұл қорлықтан құтқарыңыз.
Ата кірпіш сәл ойланып алды да, шешімін кесіп айтты:
-Күш біріктіру керек, - деді.
Күш бірікті. Ата кірпіш бастаған астыңғы кірпіштер тұрған орындарынан ысырылып кетіп еді, жоғарғылардағы жерге дүрс-дүрс құлап түсті.
Ертеңсіне тас қалаушысы келіп, басын шайқады. Өйткені биіктен құлаған жоғарыдағы кірпіштер қақ бөлініп, жерде шашылып жатыр еді.
Аударған М.Қуанышбеков
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды