Алтын мүйізді киік. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Б-л3м: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №43 Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік (жалғасы)
Оқу мақсаттары:
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтараға жауап береді, кейіпкерге мінездеме береді;
Көпшілік оқушылар: ертегі кейіпкерлерін сипаттайды, ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
Кейбір оқушылар: ертегі кейіпкерлеріне баға береді, ертегі бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құрастырады.
Сабақ барысы:
І. Сабақтың басы
Оқушыларды «Шашу» әдісі бойынша өз еркімен шашылған кәмпиттерді таңдау арқылы 5 топқа біріктіру (кәмпит түрлерін таңдау өз шеберлігіне байланысты немесе кәмпит суреттерін пайдалануға болады.)
«Уақыт машинасы» әдісіне сүйеніп өткен сабақты еске түсіру барысында интерактивті тақтадан «Ақсақ киік» бейнебаянын көру ұсынылады. Мына күйдегі ақсақ киік болса біз оқыған кешегі ертегі қалай аталып еді?
Тақырыпқа болжам жасайды. Сұраққа жауап беру арқылы өтетін тақырыбы анықталады. Өз ойларын айтады.
(Б ) «Бас бармақ»
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қаншалықты тақырып анықтай алғандарын бағалау
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Әр жұп мұғалім көмегімен «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша оқулықтағы 6-тапсырманы орындайды. Жерасты елінің мекені қандай екенімен ой бөлісіп, сұлбасын сызып, әңгімелейді.
(Б) «Отшашу»
2-тапсырма
«Қатесін тап» ойыны (оқулықтағы 5- тапсырма) құрылған жоспардың дұрыстығын анықтайды. Жоспар әр оқушыға жеке таратылады және ең соңында интерактивті тақтадағы дұрыс нұсқамен өзін өзі текесерді.
1.Алтын мүйізді киіктің өтініші (2)
2.Ғажайып көрініс (1)
3.Жерсаты еліндегі той (3)
(Б) «Шапалақ» тактикасы арқылы бағалату» дұрыс жауапты қоштайды.
3-тапсырма
Оқулықтағы 7-тапсырманы «Рефлексия» әдісі бойынша оқушылар мүсіншіге кеңестерін дәптерге жазу ұсынынылады.
(Б) «Бағдаршам» кеңестерінің жеткіліксіз тұстарын анықтайды, толықтырады.
4-тапсырма
«Пазл» әдісі арқылы мұғалімнің көмегімен ертегі үзіндісінен алынған суреттерге сүйеніп, ертегіні әңгімелейді. Құрылымына қарай бөліктерге бөлеіп, жоспар құрастырады. Құрастырған жоспары бойынша ертегі мазмыұын еске түсіруге болады.
(ҚБ ) Дескриптор
-кейіпкерге мінездеме береді;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-мәтін бөліктеріне тақырып қояды;
ІІІ. Сабақтың соңы
Кері байланыс «Желпуіш» әдісі
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлемнен желпуіштің әр бөлігіне жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?