Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік (жалғасы). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Күні: Сынып: | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік (жалғасы) | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау; 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтараға жауап береді, кейіпкерге мінездеме береді. Көпшілік оқушылар: ертегі кейіпкерлерін сипаттайды, ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Кейбір оқушылар: ертегі кейіпкерлеріне баға береді, ертегі бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құрастырады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Оқушылар: «Киік туралы мен не айта алам?» сұрағы төңірегінде өз білгені бойынша ойларын жеткізе алады. Кейіпкерге мінездеме бере алады. Мәтіннен кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды және бағалайды. Ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қарулы, ержүрек, үлкен жартас, Бұлдырмерген, көз қаратапайды. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жерасты елінің мекені өте ғанибет деп айта адам, себебі - ... Алтын мүйізді киік менің өтінішімді орындайды, себебі ... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық туған жерін құрметтеу, адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Жануарларды құрастырып атын атайды, ол туралы білгендерін қысқаша әңгімелеуі дүинетану пәнімен байланыс пайда болады. Диалог құрастырып жазуда қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Ертегінің бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құруды біледі. Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3минут 4-10 минут | Ширату тапсырмасы Оқушыларды «Пазл» әдісі бойынша жануарлар суретін құрастыру арқылы 5 топқа біріктіру 1-топ: «Бұғы» 2-топ: «Киік» 3-топ: «Арыстан» 4-топ: «Барыс» 1-тапсырма (МК,ОТ,Ұ) «Уақыт машинасы» әдісіне сүйеніп өткен сабақты еске түсіру барысында интерактивті тақтадан «Ақсақ киік» бейнебаянын көру ұсынылады. Мына күй аты «Ақсақ киік» болса біз оқыған кешегі ертегі қалай аталып еді? Тақырыпқа болжам жасайды. Сұраққа жауап беру арқылы өтетін тақырыбы анықталады. Өз ойларын айтады. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б ) «Бас бармақ» Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қаншалықты тақырып анықтай алғандарын бағалау. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Жануарлардың қима суреттері | ||||
Сабақтың ортасы 11-15 минут 16-29 минут 30-33 минут 34-37 минут | 2-тапсырма (ЖЖ; ОТ; МК) Әр жұп мұғалім көмегімен «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша оқулықтағы суреттерге сүйеніп, ертегіні әңгімелейді. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Отшашу» 3-тапсырма (Т;ОТ;МК) Ертегінің жалғасын оқушылар оқиды. «Пазл» әдісі арқылы мұғалімнің көмегімен:
(ҚБ ) Дескриптор кейіпкерге мінездеме береді; кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды және бағалайды; ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды; ертегінің бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құрады; ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді. 4-тапсырма (Ө; ОТ) «Қатесін тап» ойыны құрылған жоспардың дұрыстығын әр оқушы жеке анықтайды.
Саралау: өздігінен ізденіп, өз ойларын айтуға үйренеді. (Б) «Шапалақ» тактикасы арқылы бағалату» дұрыс жауапты қоштайды. 5-тапсырма (ЖЖ; ОТ; МК) «Рефлексия» әдісі бойынша оқушылар «Мүсіншіге арналған кеңестерін» жазады. (Б) «Бағдаршам» кеңестерінің жеткіліксіз тұстарын анықтайды, толықтырады. | Түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, плакаттар,ертегіге қатысты суреттер слайд№5
Слайд №6 Оқулық 108-110 бб Слайд № 7 дәптер, слайд №8 | ||||
Сабақтың соңы 38-40минут | Кері байланыс «Желпуіш» әдісі Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлемнен желпуіштің әр бөлігіне жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. | Слайд №9 | ||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. 2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Ойлан-жұптас-бөліс, Ойлан, тап, Рефлексия» әдістері арқылы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Уақыт арқылы саралау» негізінде «Пазл» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі., Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады. | Бағалау «Бас бармақ» әдісі «Бір- бірін бағалау» әдісі «Смайликтер» әдісі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі Дескриптор -кейіпкерге мінездеме береді; -кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды және бағалайды; -ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды; -ертегінің бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құрады; -ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?