Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.9. Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру. 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу; | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңнің мазмұнына сәйкес сызбаны толтырады. Көптеген оқушылар: өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды, түрлі дерекөздерден ақпаратты табады және сызбаға сәйкес мәлеметтерді жинақтайды. Кейбір оқушылар: өлеңге сай ырғақты таңдап оқиды, өлеңдегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады, түрлі дереккөздерден жинақтаған мәлеметтерді сызба толтыруда, мәтін құрастыруда қолданады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тірек сөздер | Әсем сәулет өнері, Астана келбеті. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде сөйлемдерді дұрыс құрастырады, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Астана қаласының көрікті жерлерін, өзендерді картадан ткөрсету арқылы дүниеттану пәнімен байланыс жасалады. Астана туралы әндерді тыңдау арқылы музыка пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шығарманы түсініп оқиды, дереккөздерден ақпаратты тауып, сызбаға түсіре алады, шығарма мазмұны бойынша сұрақтараға жауап бере алады. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Астана қаласының көрнекті сәулет орындары бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінеді.
Ширату тапсырмасы. (ТЖ) – Олай болса, Астана қаласы туралы білгенмізді ортаға салып, топтаса отырып, бес жолды өлең құрастырайық.
Бес жолды өлеңді құрастыруда оқушылар Астана туралы білгендерін естеріне түсіріп, ортаға салады. Алдыңғы білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. | Астана қаласының көрнекті сәулет орындары бейнеленген суреттер: «Бәйтерек» «Нұр Әлем» сферасы Бейбітшілік және келісім сарайы Ақорда. Слайд №1-3 Интерактивті тақта, әрбір топқа А4 форматтағы парақтар. Қосымша №1 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6- 12 минут
13-18 минут 19-27 минут | 2- тапсырма «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша «Мақтанышым - Астанам» (Ермек Өтетілеуов) мәнерлеп оқу.
(ҚБ)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Бір- бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. «өте жақсы»; сары түс – «орташа», қызыл түс – «нашар». 3- тапсырма (ЖЖ) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады. Қай жерде Кім? Шығармалары дүниеге келген? Мәліметтерді сызбаға түсіруде дайындық жұмысы ретінде жүргізіледі. Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар» әдісі Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Топтасу барысында «Қызу еңбек қайнаған, Алып құрылыс айналам» деген өлең жолдарын талқылайды. Астанадағы білетін ғимараттардың атауын айтады. 4- тапсырма (ТЖ) Сабақтың басында топтар Астананың сәулетті жерлері бойынша топқа бөлінген. Сол суретке сәйкес әрбір ғимараттар туралы қысқаша мәтін беріледі. (Мүмкіндік болған жағдайда гиперсілтемелер арқылы дереккөздерден қаратуға болады.) Әрбір топ мәтінмен танысып болған соң сызбаны толтырады.
Бейбітшілік және келісім сарайы - ел арасында «Пирамида» деп аталып кеткен. Ол 2006 жылы 2 қыркүйекте ашылды. Қазақстанның елордасы Астананың басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бұл ғажайып құрылыс соңғы жылдары салынған әлемдегі ең бірегей ғимараттардың қатарында. Ғимараттағы тағы бір ерекшелігі – мұндағы лифт көлбеу қозғалады.
Елорданың символына айналған кешенінің биіктігі - 97 метр. Ол кездейсоқтық емес, 97 саны астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шардың диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Ол «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты оның түсі құбылып тұрады. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – Қазақстанның бір символы. 3-топ. «Нұр Әлем» сферасы - диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Ол «Экспо» халықаралық көрмесінің ашылуында пайдалануға берілді. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасқан. Сфера ішінде Болашақ мұражайы бар. «Нұр Әлем» көрме өткеннен кейін инновациялық әрі маңызды зерттеу және мәдени орталыққа айналады. 4-топ. Ақорда- Елордадағы ең әдемі ғимараттардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. 2004 жыл ашылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метрді құрайды. Оның биіктігі – 86 метр. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастарынан салынған. Үстінде 5-қабатты және жер астында 2 қабатты аумағы бар. . (ҚБ) Дескриптор:
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Топта тапсырманы бірлесіп орындайды. 5-тапсырма (дәптермен жұмыс) (Ө) Сурет бойынша «Көрікті Астанам» тақырыбына мәтін құрастыр (8-10 сөйлем). Мәтін құрастыруға уақыт беріледі. Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін, бірін- бірі бағалайды. Саралау: Оқушылар қабілеті бойынша тапсырманы орындайды. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді, дереккөздерден алынған мәліметтерді қолданады. (ҚБ) Дескриптор:
- қатесіз сауатты жазады. | Оқулық, 98- бет, интербелсенді тақта. Оқулық, өлең авторы туралы мәлімет толтыратын сызба әрбір жұпқа. Қосымша №2 Астанадағы ғимараттар туралы ақпараттар. https://baq.kz/kk/news/kogam/astanadagi_19_zhilda_salingan_19_gimarat_fotoreportazh_20170704_165700 Қосымша №3 Интернет желісі болмаған жағдайда әрбір топқа ғимараттар туралы қысқаша мәтіндер интербелсенді тақта. 4 топқа сызба сызылған қағаздар, маркерлер. Қосымша №4 Жұмыс дәптерлер, оқулық, тақырыпқа сәйкес Елордасы- Астананың көрікті жерлері бейнеленген суреттер | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | «Бір қадам алға...» әдісі Стикерге өз есімдерін жазып, бағалау шкаласына орналастыру.
Мұғалім бүгінгі материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды | |||||||||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
1, 2, 4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «5 жолды өлең», «Оқиық», «Сызбаға түсірейік» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. 5 тапсырма – «Қабілеті бойынша саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілетті оқушы мәтін құрастыруда дереккөздерден алынған ақпаратты, көркем- бейнелі сөздерді қолданады. | «Басбармақ», топтар бірін бірі бағалайды. Дескриптор
- қатесіз сауатты жазады. | Сегіту сәті: «Атомдар мен молекулалар» әдісі. Оқушылар серіге отырып, сабақ мазмұнына сәйкес сұрақты талқылайды. | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?