Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)
3.4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу
Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады.
- Мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес мәліметтер табады және кестеге түсіреді;
- Мәтінде жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді .
Бағалау критерийі:
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
- «Жақсы сөз»
- Арқамызға стикер жабыстырып мінезіне қатысты сөздер жазу,кері айналып сол сөздерді келесі оқушы оқиды.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Көне қалалар» туралы берілген мәтінді оқып таныстыру.
Мәтінді әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.
- 1-2 азатжол – басы
- 3--ортасы,
- 4-соңы.
Әңгімені «ЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығуда қосымша уақыт беріледі. Оқығандарын өз сөздерімен айтады, қабілетті оқушылар көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойын еркін жеткізе алады.
Бағалау: топтар бір- бірін «Қол сигналдары» арқылы бағалайды.
2- тапсырма
«Үштік» әдісі
Оқушылар берілген сұрақтың жауабын жазып, түріп алады. Содан соң үш оқушыдан бөліне отырып, өз жауаптарымен салыстырады.
- Мәтінде қандай қалалар туралы айтылған? Неліктен көне қала дейміз?
- Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қала?
- Қазақ хандығының астанасы болған қала?
- 9- ғасырларда әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт- медреселер болған қала?
- Қазіргі уақытта Отырар қандай?
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім жетелеуші сұрақтар қояды. Қабілетті оқушылар ақпаратты бірден анықтайды.
Бағалау: Жауап соңында басқа топ «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
3- тапсырма
(Ө) (ҚБ) Мәтінді және әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, көне қалалар туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.
Тараз | Түркістан | Отырар |
_________________________________________________________________ | _________________________________________________________________ | _________________________________________________________________ |
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті оқушы қосымша дереккөздерден (ҚБ) Дескриптор:
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.
Сергіту сәті «Айгөлек» Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
4- тапсырма
Сөйлемдерді толтықтыр тапсырмасы беріледі. Тапсырманы дәптерге орындайды немесе уақытты үнемдеу үшін карточкалар таратылады. Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың жазылым дағдысы дамиды. Сөйлемдегі сөздердің байланысын, жалқы есімдердің жазылуын еске түсіреді.
Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет _____________, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік _________, __________ керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. Қазіргі _________ “Айша бибіге” осындай баға беруде.
Керекті сөздер: маржаны, сымбатымен, өрнекті, ғалымдар.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. .
5- тапсырма
(Ө) (ҚБ) Мәтінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз тапсырмасы беріледі. Тапсырма қазақ тілінен алған білімдерін қолдануға ықпал етеді. Қатесіз, сауатты жазу дағдысын жетілдіреді.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор:
- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
- мәтіндегі прунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды.
Сабақтың соңы
Рефлексия «Күншуақ» әдісі
Бүгінгісабақта Әлі де білгім Мен түсіне
өзім үшін алдым... келеді... алмадым....
Стикерге жазып, орналастырады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіре алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?