Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) 3.4 Қатені табу және түзету | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады. Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады. Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тірек сөздер | Ұлы Жібек Жолы, көне, Тараз, Отырар, Түркістан. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қажетті ақпараттарды тауып, кестені толтыруда орфографиялық, пунктуациялық қателерді сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-4 минут | Ширату тапсырмасы
| Слайд №1-3. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-11 минут
12-16 минут 17-23 минут 23-25 минут 25-30 минут 30-36 минут | 1-тапсырма «Көне қалалар» туралы берілген мәтінді оқып таныстыру. Мәтінді әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.
Әңгімені «ЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру. Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығуда қосымша уақыт беріледі. Оқығандарын өз сөздерімен айтады, қабілетті оқушылар көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойын еркін жеткізе алады. Бағалау: топтар бір- бірін «Қол сигналдары» арқылы бағалайды. 2- тапсырма «Үштік» әдісі Оқушылар берілген сұрақтың жауабын жазып, түріп алады. Содан соң үш оқушыдан бөліне отырып, өз жауаптарымен салыстырады.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім жетелеуші сұрақтар қояды. Қабілетті оқушылар ақпаратты бірден анықтайды. Бағалау: Жауап соңында басқа топ «Бағдаршам» арқылы бағалайды. 3- тапсырма (Ө) (ҚБ) Мәтінді және әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, көне қалалар туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті оқушы қосымша дереккөздерден (ҚБ) Дескриптор:
Сергіту сәті «Айгөлек» Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау. 4- тапсырма. Сөйлемдерді толтықтыр. Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет _____________, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік _________, __________ керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. Қазіргі _________ “Айша бибіге” осындай баға беруде. Керекті сөздер: маржаны, сымбатымен, өрнекті, ғалымдар. Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. 5- тапсырма. (Ө) (ҚБ) Мәтінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. . (ҚБ) Дескриптор:
Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды. | Слайд №4 Қосымша №1
Слайд №5 Слайд №6 Бейне көрсетілім. https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=8GemL9uJndo Қосымша №2 Қосымша №3 | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия «Күншуақ» әдісі Бүгінгі сабақта Әлі де білгім Мен түсіне өзім үшін алдым... келеді... алмадым.... Стикерге жазып, орналастыру. | Стикерлер | ||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
1,2- тапсырмада «Тапсырма бойынша саралау» негізінде жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығуда қосымша уақыт беріледі. Оқығандарын өз сөздерімен айтады, қабілетті оқушылар көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойын еркін жеткізе алады. 3,5- тапсырмада «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық балаларға тапсырма бірдей беріледі. Бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. | «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін- өзі бағалайды. Дескриптор:
| Сегіту сәті: Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды