Күн тәртібі (Жаңа тақырыпты меңгеру) нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі.
Оқу мақсаты:
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
- кейіпкерлердің іс – әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
- - мәтіннің құрылымын анықтайды;
- кейіпкердің мінез- құлқын, іс – әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;
Бағалау критерийлері:
-кейіпкерлердің іс – әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
- мәтіннің құрылымын анықтайды;
- кейіпкердің мінез-құлқын, іс – әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;
Қажетті ресурстар: оқулық, қосымша 1, презентация;
Мұғалімге арналған ұсыныстар.
І. Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. Тапсырма оқушылардың қызығушылығын оятуға, тапқырлықтарын дамытуға арналған. 2 жұмбақ шешу және даналық сөздерді талдау бойынша сабақтың тақырыбына болжау жасалады. Тақтада кезек-кезек жұмбақтар мен сөздер шығып отырады, соларды талдай отыра оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Бағалау критерийімен таныстыралады.
- Уақытты өлшеп, санап,Таппайды бір тағат.Бұл не сонда?…(сағат)
- Жартысы жадыратып нұр себеді,
Қалғаны қара мақпал бүркенеді.(тәулік)
3. «Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе»
В.Франклин
4. «Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі»
И.П.Павлов.
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж) Уақытты дұрыс пайдаланып жүрсің бе? Қасында отырған оқушымен өзіңнің күн тәртібі, туралы әңгімелесіп, ой бөліс. Ой бөлісу үшін оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға болады.
- Уақытыңды қалай жоспарлайсың?
- Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?
- Жоспарлаған жұмыстарыңды уақытында істеп үлгересің бе?
Саралау: тапсырма барлық оқушығабірдей ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүзеге асады.
2- тапсырма
(Ө,Ж,Т). Тапсырма оқушыларды оқыған мәтін бөлігіне, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырма топта орындалады, сондықтан оқушыларды санау арқылы 4-5 топқа бөліну ұсынылады. Оқулықтағы Ж. Әлмашевтің «Күн тәртібі» мәтінін бөліктерге бөліп оқиды Бөліктерге бөлу мен қойылатын сұрақтардың үлігілік жобасы берілетінін ескеру керек, мұғалім оны өз қалауынша, сынып мүмкінігіне қарай бөліп, құрастыра алады. Бөліктерді жеке парақтарға басып шығаруға болады немесе оқушыларға академиялық әділеттілікті сақтай отырып оқулықтағы мәтінді дәптермен немесе парақпен жапқызып оқытуға болады. Әр бөлікті оқып болған соң, бөлікті талдай отырып, келесі бөлімде неболатынын болжау жасау арқылы сюжеттің дамуын анықтайды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.
Бәйек болу- көңілін табу, есею- жасы үлкею, есі кіріп- ақыл тоқтатып, селтеңдеу- уақыттыбосқа кетіру, күйзеліс- уайым, бел буды-шешімге келді.
1-бөлікке (қосымшада берілген немесе оқулықтың 89 бетінен оқытуға болады) қатысты қойылатын сұрақтар:
- Әңгіме кім туралы? Бірінші бөліктен білдіңдер? Досалы неге тамақ ішпестен жатып қалды деп ойлайсыңдар? Әңгіме қалай жалғасады?
Оқушылар жауабын талқылап, топ атынан болжамның бір нұсқасын ұсынады. Келесі бөлім оқыған кезде өздерінің және басқа топтардың болжамымен салыстырады.
2 -бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:
-Досалының жатып қалу себебін анықтадық па? Анасы не істеді? Досалы не туралы ойланып жатыр деп ойлайсыңдар?
3- бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:
-Досалы қандай бала екен? Оның көңіл-күйі қандай болды? Ол сыныптастарынан нені күтті? Ол неге күйзеліске ұшырады? Өзің Досалының орнында болсан не істер едің? Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
Әр оқушы әңгіменің жалғасын қысқаша дәптерде болжамдап жазады, жұпта талқылап, топта ортаға салады. Топ мүшелері бірлесіп бір болжам жасап сынып алдына таныстырады.
4-бөлікке қатысты қойылатын сұрақтар:
Досалыны қандай сұрақтар мазалады? Досалы қандай шешімге келді? Енді оның өмірі қалай өзгереді деп ойлайсыңдар? Әңғімедегі оқиға желісін өз бетімен жалғасытырып жұпта айт.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) жұпта бірін -бірі дескрипторлар бойынша бағалайды:
- Шығарма бөліктерін түсініп оқиды.
- Оқыған бөліктері бойынша мәтіннің жалғасын болжайды;
- Мәтіннің аяқталуын өз бетінше құрастырады.
3 – тапсырма
(Т) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады. Шығарманың құрылымдық бөліктерін анықтау тапсырылады.Кейіпкердің іс – әрекетіне сипаттама береді, өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.
Жоспар | Шығарманың композициясы |
Көңілсіз Досалы. Апасының қамқорлығы. Өз қатесін түсінуі. Күн тәртібі. | Сюжеттің басталуы Дамуы Дамуы Сюжеттің аяқталуы |
(Б)
- мәтін желісі бойынша жоспар құрды;
- мәтіннің құрылымын дұрыс анықтады;
- кейіпкердің іс – әрекетін сипаттайды;
-кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды;
«Ду қол шапалақ» әдісі бойынша бағалау.
4-тапсырма
Берілген мақалдардың ішінен бүгінгі тақырыпқа сәйкес келетін мақалды анықтап, дәптеріңе жазып ал. Досалыға күн тәртібін жасауға көмектес.
- Уақыт тас екеш тасты да тоздырады
- Адамды заманы билейді.
- Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
- Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
- Жан жарасына уақыт емші.
- Уақыт алтыннан қымбат
https://kk.wikiquote.org/wiki/
Саралау:
Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылар сурет салу арқылы, мәтін құрстыру арқылы, яғни өздеріне ұнайтын формада күн тәртібін жасайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.
ІІІ. Сабақтың соңы.
Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. Рефлексия кезеңінде «Чемодан, Ет тартқыш, Қоқыс шелегі» әдісі бойынша өз ойлары мен көңіл-күйлерімен бөліседі:
Чемодан- мен бүгінгі сабақтан өзіме не алдым, не білдім?
Ет тартқыш- маған әлі түсініксіз, ой елегімнен өткізуім керек. Сұрақтарым бар.
Қоқыс шелегі- маған қажетсіз заттар/ білім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?