Үйрен білім жастықта нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Үйрен білім жастықта

Оқу мақсаттары:

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақ мақсаттары:

-шығарманы түсініп оқиды;

-мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді;

-шығарма кейіпкеріне хат жазады,

Бағалау критерийлері:

  • шығарманы түсініп оқиды;
  • кейіпкерге хат жазады;
  • ойын жүйелі жеткізеді;
  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;
  • қатесіз, сауатты жазады

Қажетті ресурстар: Қосымша 1; презентация; оқулық 92-95 беттер.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы «Шаттық шеңбер»

Тапсырма оқушылардың назарын сабаққа аударып, жағымды психологиялық ахуал орнатуға көмектеседі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолына құстың суретін немесе ойыншығын алып, қасында тұрған балаға тілек айтады: «Бұл- бақыт құсы. Ол саған зор денсаулық әкелсін деп тілеймін!» дей отырып, құсты оқушыға ұсынады, алған оқушы келесі оқушыға тілек айтып шеңбер бойымен осылай жалғасып кетеді.

  • Қалай ойлайсыңдар, бақыт құсы өмірде бар ма?

Сұрақтың жауабын талдай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ) «Менің бақыт құсым» тақырыбына өздерінің қиялдарындағы бақыт құсын белгілі уақыт ішінде сипаттап айтады немесе жазады, суретін, мүсінін жасатуға болады.

  • Оның түсі, көлемі қандай?
  • Онда қандай қасиеттері бар?
  • Одан не сұрар едің? сияқты сұрақтар қоюға болады.

Жұптағы баламен құсты сипаттайды, ол құстан не қалайтынын айтқысы келсе айтады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар өз шығармашылықтарына қарай орындайды. Тапсырманы ауызша, жазбаша, сурет, мүсін, ән арқылы да орындауға болады.

(Б) Кері байланыс беру арқылы бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2- тапсырма

) Тапсырма оқушылардың оқылым, айтылым дағдыларын дамытуға бағытталғын. «Броун қозғалысы» әдісі арқылы оқушыларды 4-тен үй топтарына бөлу керек. Оқушылар мәтінді «Жигсо» әдісімен оқиды. Әр бала басқа топқа барып, оқыған бөлікті топпен бірлесіп талдайды, түсінеді. Оқу барысында түсініксіз сөздерді дәптерге жазып, мағынасын сөздіктен іздеп табады немсе мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Бастапқы тобына келіп өзі оқыған бөлікті басқаларға жеткізеді, түсіндіреді. Кейін барлық оқушы мәтінді жеке тағы оқып шығады.

-Әмзеге бақыт құсы не үшін қажет болды?

-Әмзе қандай адам деп ойлайсың?

-Ертегіден қандай қорытынды шығарар едің?

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.

3-тапсырма

«Балалық шақ» деген сөзді қалай түсінеді, осы сөзді естігенде ойларына не келеді? Осы сөзге байланысты «Ассоциация» толтырады.

Қызықты кез Үйренетін шақ

Тез аяқталады

) Оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып, кері байланыс беру арқылы бірін-бірі бағалайды.

4 тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө, ЖЖ) Тапсырма жеке дәптерде орындалады, оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырманы орындау барысында критерийлер алдын ала беріліп мәтін құрылымын сақтауды талап етіңіз.

-Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересің? Осы сұраққа жауап беру мақсатында оқушылар әңгіме кейіпкеріне хат жазады. Тапсырманы жеке орындайды, жұпта оқып, бірін-бірі тексереді, дескриптор бойынша бағалайды.

(ҚБ) дескрипторлары:

  • кейіпкерге хат жазады;
  • ойын жүйелі жеткізеді;
  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;
  • қатесіз, сауатты жазады

Саралау. Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Орындап болған оқушылар өз қалауымен «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып хаттарымен таныстыруға болады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылаймыз.

Рефлексия «Пошта» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушы стикерге сабақ бойынша, сыныптасының жұмысы бойынша немесе өз жұмысы бойынша пікірін қысқаша жазады. Сыныптағы кезекші хаттарды жинап, сыртында жазылған есім иесіне хатты табыстайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу