Үйрен білім жастықта М.Жұмабаев. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Үйрен білім жастықта М.Жұмабаев | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | - шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды және оған жауап береді; - өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды; - өз ойын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып жеткізеді; - өлең бойынша өз ойын жазады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | - сұрақтарға жауап берді; - өз ойын жүйелі жеткізеді; - | |||||||||||
Тірек сөздер | Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларда қырсыз, күнді сағалап, ентелеп, бел бекем буын, надандық сөздерінің мағынасы жайлы сұрақтар туындау мүмкін. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында білімге деген құштарлық, өмір бой білім алу, ашықтық, өзара көмек құндылықтарын насихат. Топтық жұмыс барысында басқаны тыңдап, өз ойын басқаға жеткізуді, бірсесіп жұмыс істеуді үйренеді. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбек, білім алу құндылықтарын талдау кезінде өзін-өзі тану пәнімен байланысады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Шығарма жанрын, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақ қоюды біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ширату тапсырмасы «Ыстық картоп» әдісі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, өткен сабақтағы Ы. Алтынсариннің «Бақыт құсы» мәтіні бойынша сұрақтар қояды, қолына доп түскенде сұрақтарға жауап береді. Үлгі:
«Бақыт құсы» мәтіні сабақтың «Үйрен білім жастықта» тақырыбымен қалай байланысты болды? Бүгін де біз осы тақырыпты жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады. | Слайд №1-4, доп | ||||||||||
Сабақтың ортасы 6-10 мин 11-19 мин 20-28 мин 29-37 минут | Топтастыру. Оқушыларға мақал-мәтелдердің сөздері таратылады. Олардан мақал-мәтел құрастыра отырып топтарға бөлінеді.
1-тапсырма (ЖЖ, Т) М. Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңін аудиотаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. -Балалық шақтың қадірі туралы ақын қандай өсиет сөздер айтып кеткен? Оқушылар жұпта, топта талқылайды, алдыңғы сабақта құрастырған «Ассоциацияны» толтырады, салыстырады. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Патшаның тағы Бағалауға тіл жетпейді Үйрен білім Бос өткізбе Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Топтың құрамына қарай, мықты оқушылары басым топтар өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдейді. Тапсырманы ауызша орындайды. (Б) Топтар өз ойларын ортаға шығып таныстырады. Басқа топтар мұқият тыңдап, «Басбармақ» әдісімен бағалайды, кері байланыс береді. Оқушылар өлеңнің авторы туралы оқулықтан оқиды, мұғалім қосымша мәліметтермен толықтырады. 2- тапсырма (Ж,ЖЖ,Т) дәптермен жұмыс. «Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша өлеңде берілген үзіндінің мағынасын ашады.
Бірдей үзінді таңдаған оқушылар топтарға бірігеді, бірін-бірі тыңдайды, талдайды, ойларымен бөліседі. Осында оқушылар әртүрлі үзінділерді таңдауы мүмкін, топқа бірікпей қалған оқушылардың да пікірі құнды екенін ескеру керек. Саралау: тапсырма барлық оқушыларға бірдей ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын жазуда сөйлемдерді қатесіз жазуына назар аударылады. (Б.) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
3 тапсырма (Т) Оқушылар топта түймедақтың бір күлтесін таңдайды, сол сұраққа ойланып топта жауап береді. «Блум түймедағы» әдісі бойынша сқрақтарға жауап алады. Блум түймедағының алты күлтесі- сұрақтар типінің алты түрі.
(Б) Дескрипторы: - сұрақтарға жауап берді; - өз ойын жүйелі жеткізеді; | Оқулық, 92-95 беттер Слайд №5, Слайд №6 Қосымша 1 Слайд №7 Қосымша2 Слайд №8 Қосымша 3 | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы жүзеге асады. Рефлексияны ауызша тақта алдында жүргізуге болады, балалар кезек-кезек өз ойларын айтады. Сабақта ұнаған, жақымды жақтары, ұнамаған тұстары немесе қызықты сәттерін өз қалаулары бойынша айтады. | Слайд №9 | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
1,2,3 - тапсырмалар «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
| «Басбармақ», «Қошеметтеу» әдістері, Дескриптор: - сұрақтарға жауап берді; - өз ойын жүйелі жеткізеді; | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?